Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Біржан Жақыпов - Қазақстан чемпионы!

Біржан Жақыпов - Қазақстан чемпионы!

Біржан Жақыпов -  Қазақстан чемпионы!

Астананың «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатқан бокстан Қазақстан біріншілігінің алғашқы чемпионы анықталды. Ол - Біржан Жақыпов. 

Жаңа ережелер бойынша өтіп жатқан ішкі біріншіліктің 49 келі салмақтағы финалдық кездесуі шымкенттік Біржан Жақыпов және астаналық Теміртас Жүсіп арасында өтті. Кездесудің бірінші кезеңі Жақыповтың басымдылығымен аяқталды. Екінші раундта рингтегі жағдай теңескенімен, үшінші раундты тәжірибелі Біржан толығымен өз пайдасына аяқтады. 

Кездесуге төрелік еткен қазылардың барлығы да бірауыздан Біржан Жақыповқа жеңісті берді. Есеп 3-0. Жекпе-жек аяқталған соң, Массагет тілшісі Біржанға қоңырау шалып, құттықтаған болатын:

«Көп рақмет! Биылғы ел біріншілігі AIBA-ның жаңа заңдарымен өтті ғой. Бокстасып жатып ұпайымызды көре алмаймыз. Бас киімсіз жұдырықтастық. Дегенмен мен Мырзағали Айтжанов бапкеріммен бұл жарысқа тыңғылықты дайындалып келдім. Нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыздар», - дейді Жақыпов. 

Қай кездесу сіз үшін қиынға соқты? 

Мен жалпы төрт кездесу өткіздім ел біріншілігінде. Алғашқы үшеуін қиын болды деп айта алмаймын. Ал финалдық кездесу шамалы қиындау болды. Өйткені, екінші раунд барысында Теміртастың басы көзіме тиіп кетті. Содан рингте қимылдау шамалы қиынырақ болды.

Біржан, енді алдағы мақсаттарыңыз туралы бөліссеңіз...

Лондон Олимпиадасында сүрінген соң, мен бокстан кету туралы да ойлаған болатынмын. Бірақ, үйдегілер мен жеке бапкерім маған Қазақстан чемпионатына қатыс деді. Мен қатыстым. Чемпион болдым. Ендігі мақсатым - 2013 жылы елордамыз Астана қаласында өтетін әлем біріншілігінде топ жару. 

Әңгімеңізге рақмет!

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz 

1791 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 29 қараша 2012, 15:25
Пікірлер
+0
29 қараша 2012, 16:11

Жарайсың Біржан!!!!! Қуанышты хабар!

+0
29 қараша 2012, 17:39

жарайсың!

+0
01 желтоқсан 2012, 21:04

бұл жігіт ел ішінде ешкімге дес бермейді,,,ал шетелдіктерді жеңіп чемрион атанып жатқаны тағы жоқ...бұл да бір орынын жастарға босатпайтын ҚАЗАҚ

+0
01 желтоқсан 2012, 22:04

Жеңіс жалғасты болсын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...