Лара Робсон теннис әлеміндегі «Жыл жаңалығы» атағын жеңіп алды

Лара Робсон теннис әлеміндегі «Жыл жаңалығы» атағын жеңіп алды

Британдық теннисші Лара Робсон WTA турнирінің «Жыл жаңалығы» номинациясын жеңіп алды. Бұл туралы WTA-дің реси сайты хабарлайды.

Үстіміздегі маусымда Мельбурн қаласында дүниеге келген 18 жасар теннисші қыз "US Open" және Уимблдон жарыстарында тамаша өнер көрсетті. Палермо қаласындағы жарыста ширек финалға дейін жетсе, Гуанчжоу турнирінің ақтық мәресіне дейін бара алған-ды.

WTA кестесінің 113 сатысынан 53 орынға бірден көтерілген Лара Робсонға WTA мүшелері «Жыл жаңалығы» деген атты берді.

«Мұндай атақты жеңу мен үшін құрмет... 2012 жыл мен үшін табысты жыл болды. Бұл жылы мен Энди Марреймен бірігіп Олимпиада ойындарының күміс жүлдесін алдым. Сонымен қатар бірнеше дүбірлі додада тамаша өнер көрсеткен кездерім болды. Алдағы жылы бұдан да көп табыстарға жетуге тырысамын», - дейді Лара Робсон.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай 

Сурет: eurosport.ru

Л. Лига