Маррей Ұлыбританияның «Жыл спортшысы» атағына үміткер

Маррей Ұлыбританияның «Жыл спортшысы» атағына үміткер

Лондонда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Энди Маррей Ұлыбританияның «Жыл спортшысына» үміткерлер қатарында. Эндиден басқа бұл атаққа тағы он екі бірдей спортшы таласатын болады. Бұл туралы ағылшындық BBC агенттігі хабарлайды.

Энди Маррейден басқа бұл атаққа үміткерлер (Олимпиада ойындарының  жүлдегерлері):

Шабандоздар: Брэдли Уиггинс, сэр Кристофер Хой, Сара Стори;

Яхташы: Бен Эйнсли;

Жеңіл атлеттер: Джессика Эннис, Мо Фара, Дэвид Уэйр;

Бокстан: Никола Адамс;

Және де бұл атақтан Параолимпиада ойындарының жеңімпазы Элли Симмондс пен "PGA" кезеңінің жеңімпазы, гольфшы Рори Макилрой үмітті. 

Айта кететін болсақ, жеңімпазды марапаттау рәсімі 16 желтоқсан күні өтетін болады. 

Естеріңізге сала отырсақ, Ұлыбританияның «Жыл спортшысы» 1954 жылдан бері анықталып келеді. Былтыр бұл атақты велошабандоз Марк Кавендиш жеңіп алған еді.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: gotennis.ru

Л. Лига