Тьерри Анри мен Робби Кин MLS лигасының үздіктері

Мейіргүл Оңғарова Корреспондент
Тьерри Анри мен Робби Кин MLS лигасының үздіктері

Америка футбол лигасы (MLS) 2012 жылдың «Жыл құрамын» жариялады. MLS лигасының үздіктер қатарында «Нью-Йорк Ред Буллс» командасының француздық шабуылшысы Тьерри Анри және «Лос-Анджелес Гэлакси» клубының ирландиялық шабуылшысы Робби Кин бар. Бірақ бұл тізімге былтырғы жылы MLS лигасының үздік ойыншыларының бірі Дэвид Бекхэм  енбеген екен. Бұл туралы лиганың ресми сайты хабарлайды.

БӨЛІСУ

MLS лигасының 2012 жылғы «Жыл құрамы»: қақпашы: Джимми Нильсен ("Канзас Сити"), қорғаушылар: Виктор Бернардес ("Сан-Хосе"), Мэтт Бэслер ("Канзас Сити"), Орельен Колин ("Канзас Сити"), жартылай қорғаушылар: Освальдо Алонсо ("Сиэттл"), Лэндон Донован ("Лос-Анджелес"), Крис Понтиус ("ДиСи Юнайтед"), Грэхэм Зуси ("Канзас-Сити"), шабуылшылар: Анри, Кин және Крис Вондоловски ("Сан-Хосе").

Айта кетейік, Анри MLS лигасының «Жыл құрамына» осымен екінші рет кірген. Ал Робби Кин болса, өзінің Америка жерінде өнер көрсетіп жатқан екінші жылында алғашқы рет бұл құрамаға кіріп отыр.

Мұхиттың арғы жағынан келген тағы бір жаңалық. Англия құрамасының экс-капитаны Дэвид Бекхэм 2007 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан «Гэлакси» командасынан кетуі мүмкін. Бекхэмнің сөзіне қарағанда, оның Лос-Анжелес командасы сапындағы соңғы ойынын 1 желтоқсан күні MLS кубогінің финалында «Хьюстон Динамо» командасына қарсы өткізбек. Және де АҚШ-тық басылымдардың айтуынша, жуық арада Дэвид MLS біріншілігінің бір командасын да сатып алмақ екен.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz