Қазақстандық альпинистер әлем чемпионы атанды

Қазақстандық альпинистер әлем чемпионы атанды

Алматыда биіктікке көтерілуден альпинистер арасында әлем чемпионаты болып өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші орынды қазақстандық Василий Пивцов, Ильдар Габбасов және Александр Софрыгиндер иеленді. Олар жеті балдық, қиындығы бойынша 6Б категориялы Хан-Тәңірі (6995 метр) шыңының Орталық жартасын бағындырды.

Екінші орын украиндық команда мүшелері: Дмитрий Венславовский, Владимир Клебанский, Дмитрий Романенко және Федор Митюхиндерге бұйырды. Олар қиындығы 5Б болатын оңтүстік-батыс жартасымен көтеріліп, 4,82 балл еншіледі. 

Үштікті ресейлік альпинистер қорытындылады. Олар: Андрей Лебедев, Михаил Бабич, Иван Жданов, Владимир Лавриненко және Юрий Максимович. Ресейліктер 5А категориясына жататын Ленин шыңын (7134 метр) бағындырған болатын.


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: transavia-service.kz

Б. Қосмағамбет