Неймар - Бразилияның жыл футболшысы!

Неймар - Бразилияның жыл футболшысы!

Бразилияның ұлттық Олимпиада комитеті "Сантос" командасы мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймарды "жылдың ең үздік ойыншысы" деген атаққа лайықтады.

Олимпиада комитеті "2012 жылғы Бразилияның ең үздік спортшысы" деген атаққа лайық ел саңлақтарын іріктеп шығарды. Әр спорттың бір-бір жүйрігі таңдап алынды. Сол қатарда "Футбол" категориясы бойынша Неймар оза шауып шыққан.

Жақын күндері спорттағы жыл мықтысын, ел мықтысын анықтау үшін дауыс беру өтеді.

Айта кететін болсақ, марапаттау рәсімі 18 желтоқсан күні Рио-де-Жанейро қаласында болатын болды.

Естеріңізге сала кетсек, Неймар ұлттық құраманың сапында Лондондағы Олимпиада ойындарына қатысып, командаластарымен бір қатарда күміс жүлдені олжалаған еді.

сурет:123people.com

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Л. Лига