Олимпиада ойындарының чемпионы Қазақстанда

Олимпиада ойындарының чемпионы Қазақстанда

1980 жылы Мәскеу төрінде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы, Вел Баркер кубогінің иегері Патрицио Олива Қазақстан жеріне келді.

Даңқты итальян боксшысының қазақ жеріне келуінің басты себебі, еліміздегі бокс спортының дамуымен танысу. Сонымен қатар Патрицио Олива Қазақстан және Италия арасындағы мәдени және экономикалық қарым-қатынасты да нығайту үшін келген екен.

1980 жылы Ресей астанасы Мәскеуде өткен Олимп ойындарында отандасымыз Серік Қонақбаевты ақтық сында жеңіп, сол Олимпиаданың алтынын мойнына таққан итальян боксшысы 20 қараша күні сағат 16.00-де Республикалық спорт колледжінде Алматы облысының былғары қолғап шеберлеріне мастер-класс өткізеді.

Оңтүстік астанамызбен танысқан соң, Патрицио Олива Астана қаласына да ат басын бұрмақ. Елордамызда да Патрицио жергілікті бокс үйірмесіне қатысатын балалар үшін ашық жаттығу өткізеді.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН