Фируза Шарипова Мәскеудегі жекпе-жегінде жеңіске жетті

Фируза Шарипова Мәскеудегі жекпе-жегінде жеңіске жетті
Фото: vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шарипова Жуковкада (Мәскеу) өткізген жекпе-жегінде жеңіске жетті. Отандасымыз ресейлік боксшы қыз Анастасия Тришеваны үшінші раундта техникалық нокаутпен ұтты.

Флойд Мейвезер атындағы бокс академиясында өткен кеште қазақстандық спортшы кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізді. Жекпе-жекте ешқандай чемпиондық атақ сарапқа салынған жоқ.

Фируза Шарипова қазіргі таңда жеңіл салмақта WIBA және WBU чемпиондық белбеулеріне ие. Сондай-ақ екінші жартылай жеңіл салмақта IBO және WBC Silver атақтары да бар еді. Жуырда бұл тұжырымдар бойынша жекпе-жек өткізбегені үшін атақтарын кері қайтарған болатын.

Ө. Сансызбай