"Астана" премьер-лига көшін бастады

"Астана" премьер-лига көшін бастады
Фото: fca.kz

"Астана" футбол клубы ел премьер-лигасында көш бастады. ХХVIII турдағы ойынын алдын ала өткізген елордалық команда өз алаңында "Атырауды" ұтты.

"Астана Аренада" өткен ойында алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бірінші таймда Жуниор Кабананга мен Дорин Ротариу гол соқса, екінші тайм басында Абзал Бейсебеков мергендігімен көзге түсті. Ал "Атыраудың" бір голын 85 минутта Ринат Жұматов соқты.

Жаңа маусымдағы төрт ойында да жеңіске жеткен "Астана" 12 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орынға шықты. Өзге командалармен салыстырғанда бір ойын артық өткізген.

Ө. Сансызбай