Даниэль Аггер Данияның үздік футболшысы атанды

Даниэль Аггер Данияның үздік футболшысы атанды

Ағылшындық «Ливерпуль» және Дания құрамасының капитаны Даниэль Аггер өз елінің үздік футболшысы деп танылды.

Үздік аяқдопшыны анықтау барысында Аггер «Ювентус» командасының шабуылшысы Никлас Бендтнер, «Штутгарт» командасының жартылай қорғаушысы Уильям Квист және де «Брюгге» ойыншысы Ники Цимлингті артты қалдырды.

«Бұл мен үшін өмірімдегі ең қымбат сыйлықтардың бірі. Мұндай сыйлықтар сені әрмен қарай да жақсы жұмыс жасауға итермелейді. Мен үшін дауыс берген адамдардың барлығына да рақмет айтамын. Алдағы уақытта да сенімдеріңізден шығамын», - дейді Данияның 2012 жылғы үздік футболшысы.

Марапаттау рәсімінде «Норшелланн» командасының бас бапкері Каспер Хьюлманд жылдың үздік бапкері атанса, футболдан әйелдер лигасында өнер көрсететін «Брондбю» командасының ойыншысы Тереза Нильсен нәзік жандылар арасындағы «үздік ойыншы» атағын жеңіп алды. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: liverpool-fan.ru

Ю. НИКУЛЛИН