Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Елдос Сметов Екатеринбург татамиіне шықпайды

Елдос Сметов Екатеринбург татамиіне шықпайды

Елдос Сметов Екатеринбург татамиіне шықпайды

Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан әлемдік "Grand Slam" жарысы басталады. 60 кг салмақта жеңістен басты үміткерлердің бірі саналған отандасымыз Елдос Сметов татамиге шықпайтын болды, - деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясы.

Екатеринбургте жарыс алдындағы жаттығу барысында спортшының жарақаты сыр берген.

- Ақпан айында Алматыда өткен оқу-жаттығу жиындарында иығымнан жарақат алған болатынмын. Кеше жарыс алдындағы жаттығу барысында сол жарақатым сыр беріп, әлі толық қалпына келмегенін көрсетті. Сол себепті, Екатеринбургте өтетін жарысқа қатыспайтын болдым. Бұйырса, осы айдың соңында Анталияда өтетін Гран При турниріне қатысамын", - дейді Елдос Сметов.

2018 жылы Елдос Сметов дәл осы турнирдің жеңімпазы атанған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 15-17 наурыз күндері Екатеринбург қаласында дзюдодан "Grand Slam" турнирі өтеді. Оған әлемнің 48 елінен 500-ге жуық дзюдошы қатысады. Қазақстан сапынан 19 дзюдошы бақ сынайды.

Фото: olympic.kz
Қосылған күні: 15 наурыз, 12:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.