Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Лас-Вегаста қазақстандық бес спортшы да әлем чемпионы атанды

Лас-Вегаста қазақстандық бес спортшы да әлем чемпионы атанды

Лас-Вегаста қазақстандық бес спортшы да әлем чемпионы атанды

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты қазақстандық жас спортшылар үшін аса табысты өтті. Елімізден барған бес спортшы да жеңіс тұғырына көтерілді.

Алғаш болып 61 кг салмақ дәрежесінде Ақмолда Сайрамкез әлем чемпионы атанды. Одан кейін Сайхан Тайсуев (67 кг) үздік шығып, алтын медаль еншіледі. Жас санатына байланысты серпе көтеруде әлем рекордын жаңартты.

Құрама қоржынына үшінші алтын медальды Сәпи Есенкелді салды. Ол 81 кг салмақта қарсыластарынан 21 кг артық көтеріп, әлем чемпионы болды.

Қазақстандық ауыр атлеттердің жеңіс жолын Рахат Бекболат пен Ольга Пастухова жалғады. 96 кг салмақта бақ сынаған Рахат қос бағдарлама бойынша 323 кг салмақты көтерді. Жұлқа көтеруде - 144, серпе көтеруде 179 кг салмақты бағындырды.

Қыздар арасында 81 кг салмақта сынға түскен Ольга Пастухова да әлем чемпионы атанды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 215 кг салмақты бағындырды. Жұлқа көтеруде - 92, серпе көтеруде 123 кг салмақты еңсерген жас спортшы қарсыластарын шаң қаптырды.

Осылайша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Лас-Вегастағы (АҚШ) әлем чемпионатын 5 алтын медальмен аяқтады. Ұлттық құрама сапында барған бес спортшының бесеуі де әлем чемпионы атанды. 

Лас-Вегастағы жас ауыр атлеттер аламаны 15 наурыз күні аяқталады. Жарысқа 13 пен 17 жас аралығында 50 елден 200-ге тарта спортшы қатысуда. Екі салмақ дәрежесі бойынша ғана жеңімпаздар анықталған жоқ. Дегенмен Қазақстан құрамасы 5 алтын нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. 

Айта кетейік, ауыр атлетикадан Қазақстан жасөспірімдер құрамасын Бақыт Ахметов жаттықтырады.

Фото: olympic.kz
Қосылған күні: 14 наурыз, 10:29

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.