"Барыс" ҚХЛ-дың плей-офф раундының екінші кезеңіне өтті

"Барыс" ҚХЛ-дың плей-офф раундының екінші кезеңіне өтті
Фото: prosport.kz

Астаналық "Барыс" хоккей клубы ҚХЛ плей-офф раундының ширек финалына жолдама алды. Андрей Скабелка баптайтын ұжым 1/8 финалда Нижний Новгород қаласының "Торпедо" клубымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Сериядағы алғашқы алты ойыннан кейін есеп 3:3 болып тұрған. Жетінші матч Астанадағы "Барыс Аренада" өтті. Кездесу жылдам голмен басталды. Алғашқы минутта Даррен Диц айдын иелерін алға шығарды. Бірақ алғашқы үзіліске дейін "Торпедо" есепті теңестірді.

Екінші кезеңде де командалар бір шайбадан салып шықты. Фрэтиннің голына қонақтар Семиннің шайбасымен жауап қайтарды.

Матчтың ғана емес, 7 матчтық серияның тағдыры үшінші кезеңде шешілді. Диц дубль авторы атанып, "Барыстың" үшінші шайбасын соқты. Қорытынды есеп – 3:2. "Барыс" - ширек финалда! Қарсыласы - Омбының "Авангард" командасы.

Гагарин кубогы. 1/8 финал.

"Барыс" - "Торпедо" - 3:2

1:0 - Диц (Орехов, Кормье)
1:1 - Волченков (Аляев, Галузин)
2:1 - Фрэттин
2:2 - Семин (Варнаков)
3:2 - Диц (Шевченко)

Massaget.kz