Қазақстандық боксшы Бішкекте өткен жарыста топ жарды

Қазақстандық боксшы Бішкекте өткен жарыста топ жарды
Фото: Аман Қазанғапов, Бішкек, Ілияс Сүлейменов, бокс

Бішкекте Дүйшенқұл Шопоковты еске алуға арналған 42-ші халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Жарысқа 8 елден 199 боксшы қатысты.

Халықаралық турнирде Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Тайланд және Қырғыз елінің боксшылары бақ сынады. Ұйымдастырушылар әйелдер арасындағы салмақ дәрежесін де көбейткен.

75 кг салмақта жарысқа қатысқан Аман Қазанғапов алтын медаль еншіледі. Жамбыл облысынан барған боксшы финалда шаршы алаң иесі Омурбек Бекжигитуулумен жұдырықтасты. Төрешілер шешімі бойынша 4:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл - Қазақстан құрамасының қоржынына түскен жалғыз алтын медаль болды.

Ілияс Сүлейменов пен Нұржан Бекзатов финалда қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. Ал қыздар арасында Назым Қызайбай мен Рано Пархатова күміс алды.

Айта кетейік, бокстан ұлттық құраманың негізі құрамы Болгария елінің астанасы Софияда өткен "Странджа" халықаралық турниріне қатысқан болатын. Өкінішке қарай, финалға шыққан қазақстандық бес боксшы да жеңімпаз атана алмаған еді.

Ө. Сансызбай