Қазақстан әйелдер құрамасы Түркіменстанды ірі есеп айырмасымен ұтты

Қазақстан әйелдер құрамасы Түркіменстанды ірі есеп айырмасымен ұтты
Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Аланияда (Түркия) Түркіменстан әйелдер құрамасын ойсырата ұтты. Ойында отандастарымыз 6:0 есебімен жеңіске жетті.

"Turkish Women’s Cup 2019" халықаралық турниріне дайындық жүргізіп жатқан Рәзия Нүркенова шәкірттері соңғы дайындықтарын өткізіп, жолдастық ойында жарқын жеңіске жетті. Адиля Вылданова хет-трик авторы атанса, Камила Құлмағамбетова дубль жасады. Тағы бір голды шабуылшы Сәуле Кәрібаева соқты.

Қазақстан W - Түркіменстан W - 6:0 (5:0)

Голдар: Вылданова 6, 22, 33, Құлмағамбетова 17, 57, Кәрібаева 25

Қазақстан құрамасы 1-тайм: Железняк, Бабшук, Орынбасарова, Нұрышева, Қожахмет, Жұмабайқызы, Гайстенова, Вылданова, Құлмағамбетова, Бортникова, Кәрібаева.

Қазақстан құрамасы 2-тайм: Портнова, Жақсымбай, Қожахмет, Аруова, Демидова, Хайрулина, Гайстенова, Вылданова, Құлмағамбетова, Тұрлыбекова, Орынбасарова.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы халықаралық турнирдегі алғашқы ойынын 27 ақпан күні Франциямен өткізеді.

О. Сансызбай