Ертісбаев Қазақстан футбол Федерациясына қызметке тағайындалды

Ертісбаев Қазақстан футбол Федерациясына қызметке тағайындалды

Қазақстан Президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан футбол Федерациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ермұхамет Ертісбаевтың бұл қызметке тағайындалғаны жөнінде, кеше 11 қазанда ҚФФ-ның президенті Әділбек Жақсыбеков пен федерация бас хатшысы Саян Хамитжановтың журналистермен болған кездесуінде айтылды.  

Ермұхамет Ертісбаев 1956 жылдың 19 қарашасында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің саяси мәселелер бойынша кеңесшісі, 2006-2008 жылдардағы Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: quorum.kz

Б. Қосмағамбет