Ислам Бозбаев Париждегі Grand Slam жарысында күміс алды

Ислам Бозбаев Париждегі Grand Slam жарысында күміс алды
Фото: IJF

Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев (-90 кг) Парижде өткен "Үлкен дулыға" (Grand Slam) жарысында күміс жүлдеге ие болды. Финалда ол оңтүстік кореялық дзюдошы Квак Дон Хванға есе жіберіп алды.

Ислам жарысты екінші айналымнан бастады. Алғашқы белдесуінде неміс Эдуард Триппелді иппонмен жеңді. Одан кейін Мокану Юрийден (Молдова) басым түсті. Ширек финалда жапон дзюдошысы Мукай Шойчироны иппонға түсіріп, уақытынан бұрын жеңіп шықты. Жартылай финалда израильдік Ли Кохманнан айласын асырды.

Финалда Ислам оңтүстік кореялық дзюдошы Квак Дон Хванмен белдесіп, қарсыласына мықтылығын мойындата алмады. Күміс жүлдені қанағат тұтты.

81 келіге дейінгі салмақта белдескен тағы бір балуанымыз Руслан Мұсаев жарысты 5-орынмен аяқтады.

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш жарыста кеше Елдос Сметов (60 кг) - күміс, Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг) қола медальға қол жеткізген болатын.

О. Сансызбай