PUBG ойынының жаңа нұсқасы жарық көрді

PUBG ойынының жаңа нұсқасы жарық көрді
Фото: duniagames.co.id

PlayerUnknown’s Battlegrounds компаниясы ойынның тегін нұсқасын сынақтан өткізіп жатыр. PUBG Lite деп аталатын ойын әзірге тек Тайланд елінің аумағында қолжетімді.

Өзге елдерде қашан ойнауға болатыны белгісіз. Бұл ойынның ерекшелігі - жүйелік талаптардың төмендеуі. Әзірлеушілердің айтуынша, PUBG Lite ойыны кәдімгі PUBG-ді көтере алмайтын компьютерлерге арналған. 

Ойынды жүктеу үшін 2,4 Гц жиілігімен Core i3 процессоры, дискте пен жедел жадта 4 ГБ бос орын болғаны жеткілікті. Бейнекарта міндетті емес. Ойын Intel HD Graphics 4 000 процессорында да қосыла береді. PUBG Lite түпнұсқадан бөлек өнім болмақ. Ойынды жаңа команда әзірлеу үстінде. 

PUBG: Төңкеріс жасаған ойынның табыс тарихы

2017 жылы 23 наурыз күні Steam алаңында пайда болған бұл ойын бірден сұранысқа ие болды. Әр апта сайын рекорд жаңартып отырған ойынның қазіргі таңда 16 миллион көшірмесі сатылған. Ал онлайн түрде күнделікті ойнайтындардың саны 2 миллион қолданушыдан асып жығылады. Компьютерге арналған PUBG ойынына сұраныстың артқаны соншалық араға бір жыл салып телефонға арналған PUBG Mobile нұсқасын жасап шығарды.

Күні кеше PUBG компаниясы Солтүстік Америка және Еуропа лигаларындағы командаларға қолдау көрсету үшін бірқатар бастамаларды қолға алғаны белгілі болды. Танымал ойынның әзірлеушілері командалардың жарысқа, жолға кететін шығындарын өтеу үшін өтемақы төлейтін болады.

Xiaomi компаниясы PUBG және Fortnite ойындарының баламасын жасап шығарды

PUBG корпорациясы 2019 жылы өтетін жарыстардың күнтізбесін жариялаған болатын. Маусым үш кезеңді аймақтық лигаға бөлінген. Үзіліс кезінде 4 ірі әлемдік жарыс өтеді. Ал маусым соңында үздік шыққандар PUBG Global Championship турнирінде бақ сынайды. PUBG жаһандық чемпионатының жүлде қоры 2 миллион АҚШ долларын құрайды.

Бұған дейін PUBG ойыны бойынша халықаралық жарыстардың бірыңғай ережесі бекітілген еді. Кәсіпқой ойын алаңы 6 аймаққа бөлінген. Әр аймақтың тұрақты лигасы болады. Атап айтқанда: NPL (Солтүстік Америка), PEL(Европа), PKL (Корея), PJS (Жапония), сондай-ақ Қытай мен Тайвань. Ал Латын Америкасы, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Мұхит елдерінің лигалары әзірлену үстінде. 

Massaget