Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Нұрсұлтан Рахатов Азияның күміс жүлдегері

Нұрсұлтан Рахатов Азияның күміс жүлдегері

Нұрсұлтан Рахатов Азияның күміс жүлдегері

Ауыр атлетикадан Мьянма елінде өтіп жатқан Азия чемпионатында қызылордалық зілтемірші -  Нұрсұлтан Рахатов күміспен күптелді. Ал Алматы облысының спортшысы Надежда Ногай чемпион атанды. Бұл туралы «Аламан» спорт порталы хабарлайды.

69 келіде сынға түскен Надежда Ногай жұлқа көтеруде 105 келіні бағындырды. Ал серпе көтеруде 120 келіні бірінші мүмкіндігінде көтеріп, бірден алтын жүлдені иеленді. Алтынның тағдыры шешіліп қойғандықтан, спортшымыз қалған екі мүмкіндігіне шыққан жоқ. Бұл салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық Татьяна Капустина қола жүлдеге ие болды.

Ал биылғы ересектер арасындағы Азия чемпионатының күмісін алған Нұрсұлтан Рахатов жасөспірімдер арасындағы сыннан да күміс олжалады. Ол серпе көтеруде 145 келіні еңсерсе, жұлқа көтеруде 176 келіні бойынан асырды. Дегенмен, қызылордалық жігіттің Азия біріншілігінде топ жаруы үшін бұл салмақ жетпеді. Ол жеңімпаз атанған оңтүстік кореялық жігіттен 9 келі қалып қойды.

Нұрұлтан Рахатов бүгін таңертең елімізге оралды. Біз Нұрсұлтанды күміс жүлдесімен құттықтап, әңгімеге тарттық.

«Азия біріншілігіне дайындығым дұрыс болмады. Дегенмен күміске де қанағат. Жалпы мен Мьянмаға барғанымда шамалы ауырып қалдым. Сондықтан да біршама физикалық күшімнен айырылдым. Сонымен қатар, Мьянма елінің тамағы көңілімізден шықпады. Тым ащы екен. Біз ондай тамақ жеп үйренбедік қой! Ал өзімізбен бірге онда «қазақы» тамақтарды алып баруға рұқсат етпеді. Сондықтан азиялық қарсыластарымыздың алдында шамалы болса да тамақ жағы қиын болды. Бірнеше салмақ дәрежесіндегі зілтеміршілер жарысы аяқталып, елге оралдық. Ал қалған жігіттер бүгін-ертең жарысқа шығады. Олар 14-не бас бапкер Бақыт Ахметовпен келу керек. Достарымның барлығына сәттілік тілеймін», - дейді Нұрсұлтан Рахатов.

Айта кетейік, Мьянмада өтіп жатқан жастар арасындағы жарыста 85 келідегі өнер көрсететін Сергей Линдер де күміс жүлдеге қол созды – 285 (130+155). Бұл салмақтың алтыны  310 келі көтерген Чен Риоянгтың еншісінде.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: alasharena.kz

1272 4
Рейтинг: +3

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 12 қараша 2012, 12:35
Пікірлер
+0
12 қараша 2012, 13:50

Міне, осы жігіттерде ғой үміт. Қайдағы қаңғып келген шүрегейлерге сонша жабысып, ел болып шуладық. Осы арыстай азаматтарды жетілдіріп, биікке көтерсек - саб, таза жеңіс деген сонда.

+0
12 қараша 2012, 15:15

Мұндай азаматтарымыздың аздығында болып тұрған жоқпа басты мәселе. Әйтпесе өзімізде болса өзгенікіне жармаспас едік қой. Айтпақшы сіз айтқан қаңғып келген шүрегейлер алтын алып беріп, еліміздің ән ұранын Лондон төрінде асқақтатқан жоқпа? Мұны өздері естісе ұят болмайма

+0
12 қараша 2012, 15:39

Жарайсың!

+0
12 қараша 2012, 15:45

Жарайсың Нұрсұлтан!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...