Жансая Әбдімәлік АҚШ-та өтетін үздіктер турниріне шақырту алды

О Сансызбай Корреспондент
Жансая Әбдімәлік АҚШ-та өтетін үздіктер турниріне шақырту алды
Фото ©️ inform.kz

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік АҚШ-та өтетін "Cairns Cup-2019" үздіктер турниріне шақырту алды. Алғаш рет өтетін жарысқа әлемдегі ең үздік 10 шахматшы қыз қатысады.

БӨЛІСУ

Турнир Сент-Луис қаласындағы (АҚШ, Миссури штаты) Saint Louis Chess Club шахмат клубында өтеді. Жарыстың басты демеушісі - танымал меценат, шахматтан ірі турнирлерді ұйымдастырушы кәсіпкер Рекс Синкфилд.

Әлемдегі ең үздік шахматшы қыздар арасындағы жарыстың жүлде қоры да қомақты. Қатысушылардың барлығы сыйақы алады. Бірінші орын иегеріне 40 000 АҚШ доллары, екінші орынға - 30 000, үшінші орын алған шахматшы 20 000 доллар сыйақы еншілейді. Жалпы жүлде қоры 150 000 АҚШ долларын құрайды.

"Cairns Cup-2019" турнирі 2-17 ақпан аралығында өтеді. Шахматшылар айналмалы жүйе бойынша бәрі бір-бірімен ойнап шығады. Қатысушылар тізімі әлі толықтай жарияланған жоқ.

Айта кетейік, Жансая Әбдімәлік жуырда 20 жасқа дейінгі шахматшы қыздар арасындағы рейтингте көш басына шыққан болатын.