Зиннедин Зидан жазда "Ювентусты" жаттықтыруы мүмкін -БАҚ

Зиннедин Зидан жазда "Ювентусты" жаттықтыруы мүмкін -БАҚ
Фото: rsport.ru

Мадридтік "Реалдың" бұрынғы жаттықтырушысы Зиннедин Зидан жазда "Ювентустың" тізгінін ұстауы мүмкін, - деп хабарлайды Mundo Deportivo.

2018/19 жылғы маусым аяқталысымен қазіргі жаттықтырушы Массимилиано Аллегри қызметінен кетуі мүмкін. Ал бұл қызметке басты үміткер Зидан саналуда.

Массимилиано Аллегридің келісімшарты 2020 жылға дейін жоспарланған. Туриндік клубта 2014 жылдан бері қызмет жасап келеді. Төрт рет Италия чемпионы мен кубогын жеңіп алды. Италия Суперкубогын ұтып алды.

Зиннедин Зидан "Реалдағы" қызметінен 2017/18 жылғы маусым аяқталғанда кеткен болатын. Мадридтік клубпен 3 жыл қатарынан Чемпиондар лигасында топ жарды.

Ө. Сансызбай