Григорчук "Астанадағы" бас жаттықтырушы қызметін жалғастырады

Григорчук "Астанадағы" бас жаттықтырушы қызметін жалғастырады
Фото: KazFootball.kz

Роман Григорчук "Астана" футбол клубы бас жаттықтырушысы қызметіне қайта оралады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Елордалық команда жаңа маусымға дайындығын БАӘ-де бастайды. Алғашқы оқу-жаттығу жиындары 15-30 қаңтар аралығына жоспарланған. Украиналық жаттықтырушының өзі қызметіне кіріседі. Ал осыған дейін бас жаттықтырушы қызметін атқарып келген Григорий Бабаян Роман Григорчуктың көмекшісі болады.

Алғашқы оқу-жаттығу жиындары кезінде "Астана" көп ойын өткізбейді. Кей жолдастық кездесулер жиынның екінші жартысына жоспарланған.

"Астананың" екінші оқу-жаттығу жиыны 3-24 ақпан аралығында Түркияда өтеді. Бұл уақытта көбірек жолдастық ойындар ұйымдастыратын болады.

Айта кетейік, Роман Григорчук отбасылық жағдайына байланысты команданы маусым соңына дейін жаттықтырмаған болатын.

Ө. Сансызбай