Қуат "Найман" Хамитов WBK чемпиондық белбеуін қорғайды

Қуат "Найман" Хамитов WBK чемпиондық белбеуін қорғайды
Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов қаңтар айының соңында Шанхайда өтетін турнирде WBK чемпиондық белбеуін қорғайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Найман" қытайлық промоушн белбеуін жартылай орта салмақта иеленіп жүр. Қарсыласы әзірге белгісіз.

осыған дейін қазақстандық спортшы Мәскеуде өтетін Fight Nights 80 турниріне қатысады деп күтілген. Бірақ қарсылас табылмаған.

Айта кетейік, Қуат Хамитов ережесіз жекпе-жекте соңғы рет өткен жылдың 26 қарашасында октагонға шыққан. Алматыда өткен Fight Nights 80 турнирінің басты кездесуінде ирландиялық Питер Куиллиді жеңген болатын. Алайда кейіннен бұл кездесудің нәтижесі қайта қаралып, тең түскені туралы шешім шыққан еді.

Ө. Сансызбай