Футзалдан Қазақстан кубогын "Ақтөбе" командасы ұтып алды

Футзалдан Қазақстан кубогын "Ақтөбе" командасы ұтып алды
Фото: kff.kz

Футзалдан Қазақстан кубогын "Ақтөбе" командасы ұтып алды. Бұл атаққа клуб өз тарихында алғаш рет қол жеткізіп отыр.

Ақтөбелік команда Щучинск қаласында өткен финалда Рудныйдың "Аят" клубын 2:1 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда сенсация жасап, "Қайратты" жарыс жолынан шығарған болатын.

Алматылық клуб үшінші орын үшін өткен ойында Талдықорғанның "Жетісуін" жеңді. Осылайша 7 жыл қатарынан ел кубогында жеңілмей келген клуб биылғы жарыстан да құралақан қайтқан жоқ.

"Ақтөбе" келер маусымда Чемпиондар лигасына қатысады.

Ө. Сансызбай