"Барыс" Астанада "Северстальды" сан соқтырды

"Барыс" Астанада "Северстальды" сан соқтырды
Фото: "Барыс" ХК

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын "Барыс" Астанада Череповецкінің "Северсталь" клубын 3:0 есебімен ойсырата ұтты.

Бірінші кезеңде екі команда да шайба соға алған жоқ. 31 минутта Никита Михайлис бағыттаған шайба қонақтар қақпасының төрінен табылды. Ал қалған екі шайба ойын аяқталар тұста соғылды. 58 минутта Патрис Кормье елордалық команданың ойындағы екінші шайбасын өз еншісіне жазды. Соңғы шайбаны Никита Михайлис ашық қақпаға тоғытып, дубль авторы атанды.

"Барыс" қақпашысы Хенрик Карлссон маусымда екінші рет өз қақпасына шайба өткізген жоқ.

Ұпай санын 54-ке жеткізген елордалық команда турнир кестесінде төртінші орында тұрған Магнитогорскінің "Металлург" клубын қуып жетті. Бір айта кететіні қазақстандық клуб бұл командадан үш ойын кем өткізген. Сондықтан да басып озатын зор мүмкіндігі бар.

"Барыс" келесі ойынын да Астанада өткізеді. 20 желтоқсан күні Ярославльдің "Локомотив" клубымен кездеседі.

Н. Үсенова