"Манчестер Юнайтед" Жозе Моуриньюді қызметінен босатты

"Манчестер Юнайтед" Жозе Моуриньюді қызметінен босатты
Фото: MSN.com

Ағылшынның "Манчестер Юнайтед" футбол клубы бас жаттықтырушы Жозе Моуриньюді қызметінен босатты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Манкуниандық клуб португалдық маманның алдағы қызметіне табыс тілеп, жылы қоштасты. Командада бас жаттықтырушы қызметін маусым соңына дейін Уле-Гуннар Сульшер атқарады.

Жозе Моуринью "Манчестер Юнайтед" тізгінін 2016 жылдың мамыр айында ұстаған болатын. 2016/2017 жылғы маусымда лига кубогын, Еуропа лигасы мен Англия Суперкубогын жеңіп алды. Ал премьер-лигада 6-орыннан көрінді. 2017/2018 жылғы маусымда 2-орын алды.

Биылғы маусым қызыл сойқандар күшін сәтсіз басталды. Команда көш басындағы "Ливерпульден" 19 ұпайға қалып келеді.

Н. Үсенова