Қуат Хамитов желтоқсанның соңында жекпе-жек өткізуі мүмкін

Қуат Хамитов желтоқсанның соңында жекпе-жек өткізуі мүмкін
Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов келесі кездесуін желтоқсан айының соңында өткізуі мүмкін.  

- Fight Nights Global, 27 желтоқсан, Мәскеу! Кеттік! Мен дайын боламын!", - деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

Fight Nights Global ресми сайтында қазақстандық спортшының жекпе-жегіне қатысты ақпарат жарияланған жоқ. Тек 27 желтоқсан күні Жаңа жылға орай промоутерлік компания GTC ұйымымен бірге ережесіз жекпе-жек кешін өткізбек. Басты жекпе-жекте ресейлік Роман Копылов пен швейцариялық Ясуби Эномото кездеседі.

Айта кетейік, Қуат Хамитов ережесіз жекпе-жекте соңғы рет өткен жылдың 26 қарашасында октагонға шыққан. Алматыда өткен Fight Nights 80 турнирінің басты кездесуінде ирландиялық Питер Куиллиді жеңген болатын. Алайда кейіннен бұл кездесудің нәтижесі қайта қаралып, тең түскені туралы шешім шыққан еді.

Ө. Сансызбай