Футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңі Алматыда өтеді

Футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңі Алматыда өтеді
Фото: egemen.kz

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық кезеңі Алматы қаласында өтеді. Бұл туралы "Қайрат" футзал командасының ресми сайты хабарлады.

Жарыс 2019 жылдың сәуір айына жоспарланған. Алматыда өтетіні жайлы шешім УЕФА атқару комитетінің отырысында қабылданды.

Финалдық кезеңге "Қайраттан" өзге Испанияның "Барселона" және "Интер Мовистар" командалары, сондай-ақ Португалияның "Спортинг" клубы қатысады.

Футзалдан еурокубоктың шешуші ойындары Алматыда алғаш рет өткелі жатқан жоқ. Осыған дейін Алатау бөктерінде 2010/11 және 2016/17 маусым ойындарының финалдық кезеңі де өткен.

Айта кетейік, футзалдан 2001/2002 жылдар маусымынан бері өткізіліп келе жатқан UEFA кубогы додасы биылдан бастап Чемпиондар лигасы болып атауы мен мәртебесін өзгерткен. Әрі қатысушы командалар саны да артты.

Ө. Сансызбай