Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Александр Винокуровтың Бельгиядағы жеңісі күмән тудыруда

Александр Винокуровтың Бельгиядағы жеңісі күмән тудыруда

Александр Винокуровтың Бельгиядағы жеңісі күмән тудыруда

Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуров 2010 жылы сәуір айында өткен Льеж-Бастонь-Льеж турнирінде Александр Колобневпен келісіп, жеңісті сатып алды деп айыпталуда.

«Еуроспорт-Ұлыбритания» телеарнасының мәлімдеуінше, бұл қос шабандоз Бельгия жерінде өтетін жарыстың алдында хат алмасқан екен. Хат алмасқандығы туралы дәлелді швейцариялық L’Illustra журналы анықтаған. Хат мәтінінде Колобнев жарыстың өту барысы қандай болмасын Винокуровтан қалатыны жазылған дейді. Швейцариялық журналдың мәліметіне сүйенсек, шабандоздар банктік есепшоттарымен де алмасқан көрінеді. Швейцария банк өкілдері де мұны растап отыр. 2010 жылы 28 шілдеде Винокуровтың есеп-шотынан ресейлік спортшының шотына 100 000 еуро, ал 2010 жылы 28 желтоқсанда 50 000 еуро аударылған деген де дәлел бар екен айыптаушыларда.  

"Бүгінде айыптаушылардың қолында қос спортшы келісілгені туралы толық дәлел бар. Енді олар тек дәлелдерді Бельгия құқық қорғау органдары мен Халықаралық велошабандоздар қауымдастығына жіберсе болғаны, екі спортшының да істері қаралатын болады", - дейді "Еуроспорт-Ұлыбритания" телеарнасы.

Болт жылдың үздік жеңіл атлетіне үміткер

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (IAAF) 2012 жылдың үздік желаяғы атағына үміткер үш спортшының тізімін жариялады.

Үміткерлер қатарына ямайкалық желаяқ Усэйн Болт, АҚШ-тық Меррит және де орташа қашықтықтық дистанцияға (400-800м) жүгіретін кениялық Дэвид Рудиша бар.

2012 жылғы Олимпиада ойындарында Болт 100 және 200 метрде алдына жан салған жоқ. Сонымен қатар ямайкалық жігіт эстафеталық жарыста да үздік атанды. Ал Мерритт – 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Олимпиада чемпионы. Рудаиша Лондон төрінде 800 метрге жүгіруден әлем рекордын жаңартып, чемпион атанған.

Жеңімпазды 24 қараша күні Испанияның Барселона қаласында Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (IAAF) жүз жылдығын атап өту барысында марапаттайды.

Ауыр атлетикадан Азия Чемпионатына еліміздің ең мықты зілтеміршілері аттанды

Қарашаның сегізі күні Мьянманың Янгон қаласында өтетін ауыр атлеткадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына жерлестеріміз кіл мықты құраммен аттанды.

Бақыт Ахметов баптайтын жастар құрамасында Жастар арасындағы әлем чемпионы - Жазира Жаппарқұл, Жасөспірімдер арасында Азия біріншілігінің күміс жүлдегері - Нұрсұлтан Рахатов, жастар арасындағы Азия чемпионы - Жасұлан Қыдырбаев, жастар арасындағы еліміздің екі дүркін жеңімпазы Екатерина Столяренко мен Фаина Сыбанбаевалар бар.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет:  eurosport.ru, alasharena.kz

2336 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 06 қараша 2012, 15:34
Пікірлер
+0
06 қараша 2012, 16:23

өтіп кеткеннен кейін қажеті қанша???

+0
06 қараша 2012, 16:29

тексеретін шыгар, анықталса атағынан айырады

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...