Бензема Роналдудың рекордын жаңартты

Бензема Роналдудың рекордын жаңартты
Фото: football.ua

"Реал Мадрид" шабуылшысы Карим Бензема бұрынғы командаласы Криштиану Роналдудың рекордын жаңартты. 

Франциялық шабуылшы Испания чемпионатының 3-турында "Леганес" қақпасына гол салды. Бұл Бенземаның Испания ішкі ойындарындағы 33-клубқа соққан голы. Ол осы уақытқа дейін Испанияда өткен маусымдарда 33 командаға қарсы ойнап, оның 32-сінің қақпасына гол соғып, мергендігімен көзге түскен еді. Жазда "Ювентусқа" ауысқан Роналду болса Ла лигадағы 32 клубтың қақпасына гол салған шабуылшы. 

Қазіргі уақытта Испанияда ең көп клубқа гол соққан "Барселона" ойыншысы – Лионель Месси. Оның еншісінде 36 клуб. Екінші орында Ариц Адурис пен Рауль келе жатыр. Олардың еншісінде 35 клуб бар. Үшінші орынды 34 клубқа гол соққан испаниялық шабуылшы Хулио Салинас иеленсе, келесі орындарды 33 клубтың қақпасынагол салған Бензема, Уго Санчес және Рауль Тамудолар өзара бөліскен.

Т. Раушанұлы