Дидье Дрогба – «Челси» командасы тарихындағы ең үздік ойыншы

Дидье Дрогба – «Челси» командасы тарихындағы ең үздік ойыншы

Кот-д-Ивуар ұлттық құрамасының шабуылшысы Дидье Дрогба лондондық «Челси» командасының тарихындағы ең үздік футболшы деп танылды. Бұл ақпаратты «Челси» командасының ресми журналы өзінің мерейтойлық санында жарыққа шығарды.

20 мың адамнан құралған сауалнама нәтижесі бойынша 34 жастағы Дрогба ең көп дауыс жинап, жеңімпаз атанған. Ивуарлық футболшы өзінің әріптесі болған Фрэнк Лэмпард, Джон Терри сынды футбол әлемінің жұлдыздарын басып озған. Ол чемпиондар лигасы аясында өткен «Челсидің» «Бавариямен» кездесуінде есепті теңестірсе, ойын соңында пенальтиді сәтті орындап, кездесудегі шешуші голдың авторы атанған. Дидье Дрогба «Челси» сапында 8 маусым өнер көрсетіп, 157 голдың иесі атанған болатын. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: sovsport.ru

Ю. НИКУЛЛИН