«Ордабасы» командасы бас бапкерсіз қалды

«Ордабасы» командасы бас бапкерсіз қалды

Шымкенттік «Ордабасы» командасының бас бапкері Виктор Пасулько орнынан кетті. Енді команда жетекшілері жаңа маусымға жаңа бапкер іздестіріп жатыр.

Виктор Пасулько оңтүстіктік командаға 2011 жылғы маусымда келген болатын. Командамен сол жылғы Қазақстан Кубогін жеңді. Сонымен қатар Еуропа Лигасында өнер көрсетті. Қазірге Пасульконың қай команданы жаттықтыратыны белгісіз. Бірақ бапкердің айтуынша, Қазақстандық және бірнеше украиналық командалар шақыртып жатқан көрінеді.

 

Қазақстан біріншілігіндегі бірнеше командаларды жаттықтырған маман Вахид Масудов жуық арада шымкенттік команданың бапкері болуы мүмкін. Бұл туралы vesti.kz спорт порталы хабарлайды.

Вахид Масудовдың соңғы жұмыс орны алматылық «Қайрат» командасы болған. Бірақ  командаға испан маманы Хосе Перес Сереру келгеннен бастап, Масудов жұмыссыз қалған болатын. Енді бұл маман алдағы уақыттан бастап, шымкенттік ұжымды жаттықтыруы мүмкін. Бірақ, «Ордабасы» командасының басшылары бұл ақпаратты әлі де болса растаған жоқ. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: sports.kz

Ю. НИКУЛЛИН