Серена Уильямс WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы

Серена Уильямс WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы

Әлемнің үшінші ракеткасы американдық теннисші Серена Уильямс Түркияның Стамбул қаласында аяқталған теннистен әйелдер арасындағы жылдың қорытынды турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жарыстың финалдық кезеңінде Серена WTA рейтингісінде екінші теннисші, ресейлік Мария Шараповны тізе бүктірді. Финалдық матч 6:4, 6:3 есебімен аяқталды. 

Жартылай финалда Шарапова Беларусь теннисшісі Виктория Азаренконы 6:4, 6:2 есебімен ұтса, Серена поляк Агнешка Радваньскадан 6:2, 6:1 есебімен басым түскен еді. 

Ал қорытынды турнирдің жұптық сынында ресейлік Мария Кириленко мен Надежда Петрова жұбы топ жарды. Олар финалда чехиялық Андреей Главачкова мен Люси Градецкаядан 6:1, 6:4 есебімен басым түсті.  

Турнир аяқтала салысымен, аптаның жаңа WTA әлемдік рейтингісі жасалды:

1 (1). Виктория Азаренко (Беларусь) - 10595 ұпай,
2 (2). Мария Шарапова (Ресей) - 10045,
3 (3). Серена Уильямс (АҚШ) - 9400,
4 (4). Агнешка Радваньская (Польша) - 7425,
5 (5). Ангелика Кербер (Германия) - 5550,
6 (7). Сара Эррани (Италия) - 5100,
7 (8). Ли На (Қытай) - 5095,
8 (6). Петра Квитова (Чехия) - 5085,
9 (9). Саманта Стосур (Аустралия) - 4135,
10 (10). Марион Бартоли (Франция) - 3740,
...
25 (26). Ярослава Шведова (Қазақстан) - 1565,
81 (81). Галина Воскобоева (Қазақстан) - 776,
83 (83). Сесиль Каратанчева (Қазақстан) - 756,
105 (105). Ксения Первак (Қазақстан) - 652,
136 (142). Юлия Путинцева (Қазақстан) - 498,
351 (352). Зарина Дияс (Қазақстан) - 120,
379 (390). Анна Данилина (Қазақстан) - 102,
687 (631). Зарина Хайрудинова (Қазақстан) - 30,
740 (742). Камила Керімбаева (Қазақстан) - 25.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sport-express.ua

Б. Қосмағамбет