Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Чиншанло Қазақстанға оралды

Чиншанло Қазақстанға оралды

Чиншанло Қазақстанға оралды

Ауыр атлетикадан Лондон төрінде топ жарған  Зулфия Чиншанло 27 қазан күні Бейжің-Алматы бағыты бойынша Қазақстанға келді. Оны таңғы бес шамасында жеке бапкері Виктор Ни Алматы әуежайынан күтіп алды. Айта кетейік, 23 қазан күні «аспан асты» елінің «Sohu.com» атты ақпараттық сайты Зулфия Чиншанлоның Қытайға қайта оралып, 2016 жылғы Олимпиадаға Қытайдың атынан шығуға ниетті екендігін жазған еді. Содан кейін, Қазақстанда біраз шу көтерілгені болатын. Еліміздің ауыр атлетика федерациясы «бұл әңгіме жалған» деп кесіп айтқаны тағы бар. Бірақ, Қытай жерінде Зулфия төлқұжат алу үшін суретке түскен фотоларды көргеннен соң, еліміздің спортсүйер қауымы Чиншанлоның елімізде қалуына күмәнмен қараған-ды. Олимпиада чемпионы Алматыға келеді дегенді естіген БАҚ өкілдері Чиншанлоны әуежайдан күтіп алып, қытайлық сайттардағы жазылған жайттар жайлы толыққанды білмек болған. Алайда чемпион қыз «ұзақ жолдан шаршадым» деп сұхбат беруден бас тартты. Жеке  бапкері Виктор Ни де "Бұл әңгімелердің бәрі де жалған", - деп, сұхбаттан ат-тонын ала қашты. Енді алдағы аптада Зулфия Чиншанло мен жеке бапкері Виктор Ни қазақстандық БАҚ өкілдерін жинап, жағдайдың бәрін түсіндіріп, бұл айқай-шуға нүкте қоймақ. 

Суреттер:megapolis.kz

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

2125 32
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 27 қазан 2012, 13:34
Пікірлер
+0
27 қазан 2012, 15:45

Ай, Зүлфия, Зүлфия!.. Бұл жерде кім сұрқия?..

+0
27 қазан 2012, 16:15

Қайтып келген Зульфия қыз жаман)))

+0
27 қазан 2012, 21:17

Ат айналып қазығын табар немесе қайтқан малда береке бар.

+0
27 қазан 2012, 19:55

Осылай болатынын біліп едім.

+0
27 қазан 2012, 21:22

Осылай болатынын сездік қой, тілшілердің оны сатқын деп жазғаны ұят болды

+0
27 қазан 2012, 20:56

туйніні койылады деп әлі жүрме, 27-не койылады деп жатыр еді ғой)))

+0
27 қазан 2012, 21:15

Енді қойылатын сұрақтарға жан-жақты дайындалып алуы керек қой

+0
27 қазан 2012, 21:14

Жарайсың!

+0
27 қазан 2012, 23:14

Мен алдыңғы Зулфия туралы постта жазғам, оның қайтып келері, себептері туралы. Қайтып келері белгілі болды, тек біздің көбіміз келмей қалады деп, тіпті сатқынға да баладық, сонымыз дұрыс болмады.
Келмей қалса, 2014ж. әлем біріншілігіне, ірікеу жарыстарына, 2016ж. Олимпиадаға қатысу мүмкіндігінен айрылып қалар еді.

+0
28 қазан 2012, 00:59

Қашан ұят болды? "Зүлфия - сатқын" деп жазған жерге сілтеме беріңізші? Әрине, ренжігендер, түсінбегендер, қаламағандар болды, бірақ "сатқын" деп атап ұятқа қалған ешкім жоқ сияқты...

+0
28 қазан 2012, 01:48

http://massaget.kz/sport/tlalar/5095

+0
28 қазан 2012, 01:50

ЕРЛАН РАЙЫМҚҰЛОВ, Алматы телеарнасының спорт тілшісі

+0
28 қазан 2012, 12:28

Ендеше неге бірден "Ерлан ұятқа қалды" деп жазбадың? "журналистерге ұят болды" дегенше? Бұл жіктің құлағы тік шықты, және мақсатына жеткендей, яғни сендей жап-жақсы жастың журналистердің бәрін "бір қорапқа тығуыңа" себеп болды... Яғни, Ерланнан Жау Чаң Лиді қымбатырақ етті сен үшін!

+0
28 қазан 2012, 16:54

сен осы шынымен 91 жылғысың ба?

+0
28 қазан 2012, 19:00

Мәссаған безгелдеееек! Мұндай сұрақ қоюыңа не себеп болды, Еркебұлан? Әлде жазғандарым "баланың әңгімесіндей" ме?

+0
29 қазан 2012, 15:02

әңгімең ересек адамның сөзінің әсерін қалдырып жүр.

+0
28 қазан 2012, 19:01

Спортс.кз сайтына кірш

+0
28 қазан 2012, 19:04

Стрелниковтың мақаласын оқып шық

+0
28 қазан 2012, 19:11

Адам деген анық-қанығына жетіп алып сөйлеу керек қой Салтанат. Және де бұл жіктің құлағы тік шықты деген сөзді қайта-қайта қолдана бермеші...

+0
28 қазан 2012, 21:47

Менің пікірім - нейтралды нүкте, мен қазақ журналисін де, спортшысын да, қазақтың өзін, кез келген қазақты қолдан келсе қолмен де, сөзбен де қорғаштағым келеді, менің қамқорлығыма зәру емес, білем, сонда да. Зүлфияны да жамандап жазған емеспін, кетсе - жолы болсын, қалса - міне, құшағым. Бірақ, Зүлфия деп таң атырып, Чиншанло деп кеш батыратын жайым жоқ. Сондықтан үйіп берген сілтемелеріңді қайтып ала бер, (өзің сұрадың ғой деп салғыласпаш әйтеуір), ол жерлерде де сендей мен мендейлердің пікірі. "сатқын" десе де, "құлағы тік шықты" десе де әркімнің өз пікірі бар, санаң соған жетсе "ұятқа қалды" деуге қақың бар, бірақ "қолдана бермеш" деуге қақың жоқ шы негізі. А, я, сосын, сөзімнің тоқ етері де осы болсын: Зүлфияға бола "Қазақстан өз баласына әпермей ме алтынды?" деп айтқан адаммен бұдан ары пікірлесуден бас тартар едім, бірақ, Зүлфияға бола өз бауырымнан безінер жайым жоқ....

+0
28 қазан 2012, 22:26

Өз уақытың өзіңнің еншіңде. Әлем чемпионатын бағындырған, Олимп шыңында көк туымызды көкте желбіреткен аруымызды аялай білейік. Тау көтерген батырларымызды (толағай деген сөзді қолдана алмай қалдық) ұмытпайық. Ал Стрелников деген сен, мен секілді емес, аталған сайттың атағы дардай тілшісі. Жаңағы қолдана бермеші деген сөзіме ренжіме, менің айтпақ болғаным басқа.

+0
28 қазан 2012, 22:52

Зулфия Қазақстанға емес, Қазақстан Зулфияға алтын әперді деген сөзіңе айттым мен алтын алып бере алатын болса қаракөздерімізге әпермейдіма деп. Тәтті болса да, ащы болсада өкінішке орай шындықтың аты шындық. Қазақстанда Зулфияның деңгейіндегі қаракөз спортшылар жоқтың қасы. Зулфияның жеңіске деген жігеріне, аламан додадағы ерлігіне, талай жыл бойы төккен теріне көз жұмып қарап, Қазақстан Зулфияға алтын әперді деп айту әділетсіздік. Артық кетсем ренжіме, ренжітіп алсам кешірім сұраймын!!!

+0
28 қазан 2012, 01:15

:lol: :lol: :lol: :lol: қытайлықтар қатты дәмелен ді ау дим

+0
28 қазан 2012, 11:15

жоқ, ол 1 айдың ішінде қайта кететін сияқты...

+0
28 қазан 2012, 19:36

Салтанат Зулфия Қазақстанға алтын әперген жоқ, Қазақстан Зулфияға алтын әперді дегеніңді қалай түсінеміз??? Қазақстан алтын әперуге шамасы келсе неге өзіміздің қаракөздерімізге әпермейді??? Менің ойымша басты рөлде Зулфия ойнады. Қазақстан Зулфияны бауырына басып, алаңсыз жаттығуына жағдай жасады. Ал Зулфия Қазақстанға алтын сыйлады. Зулфияның, Маяның және Светаның ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз, ұмытылмайды да. Алексей Ни мен Туркелериге рахмет! Ал батыр Илиннің ерлігін мақтан тұтамыз, және Илинмен мақтанамыз. Ауыр атлеттеріміз жасасын!!!

+0
28 қазан 2012, 19:47

Меніңше, ол тағы қайтатын болады. Қазақстанның спорт федерациясы елді алдап отыр. Оның өз отанына қайтақаны да шындық, ұлтының дүнген емес, қытай екені де шындық. Ал келесі айдың 15і күні елімізбен болған келісімшарт күшін жояды. бірақ, ол қазақстанның келісімінсіз, қазақ елін белден басып, мерізімінен бұрын қытай азаматтығын қабылдап үлгерді. шынын айтқанда басыну ғой бұл.

+0
28 қазан 2012, 23:03

Шынымды айтсам менің спорт федерациясынан көңілім қалған. Қазір олар кез-келген сұраққа төтеп беретіндей жауаптарды ойдан-қырдан алып құрастырып жатыр ғой, ресми түрдегі сұхбатын күтейікта. Бір мәнісі болып жатар. Кетіп жатқан күнде де Зулфияға деген ыстық ықыласымыз бен рахметімізді ұмытпағанымыз жөн.

+0
29 қазан 2012, 09:02

Қытайлықтар бізге Зулфияны жаманғып көрсеткісі келді :cry:

+0
29 қазан 2012, 15:38

"айтпаса сөздің атасы өледі" деген, дұрыс та, бұрыс та болса өз түйгендерім болады, қандай әсер қалдырса да көкейімдегіні іркіп қалмауға тырысам, осы мінезімнің арқасында талайды естігем, тіпті Массагетте "домкрат" та деген мені, бірақ жасыма "комплимент" жасаған жалғыз сен)))

+0
29 қазан 2012, 15:43

Еркебұланға жазған жауабым еді...

+0
29 қазан 2012, 16:00

"комплимент" емес Комплимент. 22 жаста кесек-кесек сөз сөйлеп, көпті көрген адамның әңгімесін айту мақтауға лайық деп ойлаймын. Ондай адам өмірде көп нәрсеге жетеді - десем қалай :) жақсы анализировать етесің ;)

+0
29 қазан 2012, 17:26

Ааааа еееее, рақмет онда, қуанып қалдым, "жақсы сөз - жарым ырыс" деген)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...