Шарапова, Уильямс, Радванска қорытынды турнирді жеңіспен бастады

Шарапова, Уильямс, Радванска қорытынды турнирді жеңіспен бастады

Түркияның Стамбул қаласында теннистен әйелдер WTA арасындағы жылдың қорытынды жарысы басталды. Аталған турнирде жылдық көрсеткіш бойынша іріктелген ең үздік сегіз теннисші өзара мықтыны анықтауда.

Дәстүр бойынша турнир алдында жеребе тартылып, қарсыластар белгілі болды. Әлемнің ең үздік теннисшілері бас қосқан жарыста бірінші болып, польшалық Агнешка Радванска мен чехиялық Петра Квитова кездесті. Бұл кездесуде  6:3, 6:2 есебімен польшалық теннисші жеңіске жетті. Ал, әлемдік рейтингтің 3-сатысында тұрған американдық Серена Уильямс германиялық Ангелина Керберді оңай жеңді. Кездесу нәтижесі 6:4, 6:1. Ресейлік Мария Шарапова италиялық Сарра Эрраниға қарсы кортқа шығып, жеңіске жетті. Ертең екінші айналым ойындары өтетін болады. Ал жарыстың қорытындысы 28 қазанда белгілі болады.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: eurosport.ru

Ю. НИКУЛЛИН