Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Зулфия Чиншанлоның Қытай азаматтығын қабылдағаны туралы не ойлайсыз?

Зулфия Чиншанлоның Қытай азаматтығын қабылдағаны туралы не ойлайсыз?

Зулфия Чиншанлоның Қытай азаматтығын қабылдағаны туралы не ойлайсыз?

Бірнеше сағаттар бұрын Қазақстандық БАҚ өкілдерін дүр сілкіндірген ақпарат тарады. Қытайлық «Sohu.com» ақпараттық порталы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан Зулфия Чиншанлоның Қытай азаматтығын алғаны туралы хабарлады. Бұл ақпарат туралы әлі де болса көптеген БАҚ өкілдері жаңа деректер шығаруда. Осы орайда Массагет порталы еліміздің белді БАҚ-да қалам тербеп жүрген тілшілердің арасында: «Зулфия Чиншанлоның Қытай азаматтығын қабылдағаны туралы не ойлайсыз» деген сауалнама жүргізді.  

ДИНА ЫСҚАҚОВА, "Қазақстан" Ұлттық арнасы  спорт бөлімінің шеф редакторы:

Бұл жағдайдың орын аларын мен олар қазақ жеріне алғаш қадам басқанда-ақ айтқанмын. Қытай ол Қытай, оларда тәрбие, идеология деген осы бағытта жасалынып қойған. Бесіктен сен қытайлықсың дегенді құлағына құйып өскен Зулфияның басқа таңдауы болған да емес. Ол Қазақстанды тек пайдалану үшін ғана келді. Атын шығарды, ақша алды, қайта кетті ауылына. Қытайда жай спортшы болып еді, өз мүмкіндігін пайдаланып енді Олимпиада чемпионы болып оралып жатыр. Қанша ақша кетті оны дайындауға. Дайынға жүгіре беретін ауыр атлетика басшылары сабақ алса жақсы болар еді. Зулфия мен Маяның алтынынан қазақ спортшысы Аннаның 5-орны қымбат маған.

ЕЛДОС ӨМІРЗАҚҰЛЫ, Жас қазақ» газетінің жауапты хатшысы:

Бұл ақпаратты ертеңгісін келген бойда Қытай сайттарынан көрдік. Жұмыста Жарас деген әріптесіміз аударып берді. Бәріміз орнымыздан тұрып кеттік. Виктор Ниге хабарластық, еш нәрсе білмейді. Алексей Ниге хабарластық, ол да дым білмейді. Федерация да бұл жәйттан бейхабар. Ойлап отырсам, Қытай сайттары қазақтарды арандатудың тағы бір жолын тапқан секілді. Азаматтық алғандығын дәлелдейтін төлқұжатын сайтқа салған. Жалпы өз спортшыларымызды дайындау керек. Жат елдің спортшысына қарағанның куні осындай!

ЕРЛАН РАЙЫМҚҰЛОВ, Алматы телеарнасының спорт тілшісі:

Шыны керек, төбемнен жай түскендей болды. "Адам аласы ішінде" деген. Зулфияның бұл ісін сатқындық деп бағалаймын.

 ӘЗИЗ ОРАЗБАЕВ, «Алаш айнасы» газетінің спорт тілшісі:

"Қасқырды қанша асырасаң да, орманға қарап ұлуын қоймайды" деген рас екен. Алғашында бұл ақпаратты көргенде, "Бұл қалай? Жоқ, мүмкін емес" деп тосылып қалғанмын. Артынша ойымды қорыта келгенде, оның кетіп қалуын заңдылық деп қабылдадым. Өйткені, отаны - Қытай. Олимпиада кезінде-ақ қытайлықтар оны өздеріне қайтарып алу туралы мәселені көтеріп жүрді. Осының барлығын қорыта келе, ерте ме, кеш пе, болатын жағдай екенін түсіндім. Бірақ, ішімде ит өліп жатқаны да жасырын емес. Сонша уақыт бауырымызға басқанымызда, бір-ақ сәтте ішімізден теуіп, "лақтырып" кете барғаны өкінішті-ақ.

РАУАН ОҚАС, «Аламан» спорт порталының бас редакторы:

Зулфияның туған Отанына оралуын сенсация деп қабылдай алмаймын. Таңданбаймын да. Зулфияны жеке танимын өз басым. Париждегі Әлем чемпионатында араласып көргенмін. Сол чемпионатта бір байқағаным, ол біздің спортшылармен емес, көбіне Қытай құрамасының атлеттерімен бірге отырып, бірге араласып жүрді. Сонда осы ой келген. Түбі кете ме деп ойлағанбыз. Ол Қазақстанның атын әлемге шығарды. Қазақстан оған көп нәрсе берді. Ол лайықты жауап берді. Оған берілген қаржының қайтарымы болды. Оны қазір әлеуметтік желілерде барлығы сынап жатыр. "Ақшаны алып-алып тайыпты",- деп. Өз басым бұған да келіспеймін. Ол қолынан келгенінің бәрін жасады. Бізде қалып екі дүркін Олимпиада чемпионы болса да, ол осы беделімен-ақ қалар еді. Қазір жас. Туған ата-анасының, өзі айтқан сүйіктісінің қасына барғысы келген болар. Ренжімеймін. Ақ жол тілеймін. Бірақ менің бір айтпағым бар. Зулфия Қытайдың сапында дәл осы нәтижелерге енді тағы қол жеткізе алмайды. Ол үлкен қателік жасады.

Болат ҚОСМАҒАНБЕТ«Массагет» порталының тілшісі:

Меніңше таңдау өз еркінде, бастысы Қазақстан Зульфияның, Зульфия Қазақстанның атын шығарып кетті.

РУСЛАН МЕДЕЛБЕК, «Аламан» спорт порталының шеф редакторы:

Бұл ақпаратқа сену қиын. Дегенмен, Қытай басылымдарының отқа май құйғысы келетіні анық. Өз басым, сенбеймін және сенгім келмейді. Ал егер бұл ақпарат рас болса, онда Қазақстанға бұл үлкен сабақ болуы тиіс. Және келер олимпиадаға дейін Чиншанлоны жеңетін спортшы дайындауы тиіс оны шақырғандар. Ал Чиншанло елден кетсе, оны біздің әділет министрлігі білу керек. Себебі, бір елдің азаматтығын екіншіге ауыстыра салу оңай емес. Егер Чиншанло расымен кеткен болса, онда одан Қазақстанның хабары болған.

ДӘУРЕН БАБАМҰРАТОВ, «Болашақ» газетінің директоры:

Менің ойымша, әзірге расталмаған ақпарат. Өтірік болу керек, себебі бұл дүние екі елдің арасына үлкен іріткі салады. Қытайлар оған бара қоймас. Дәл Зулфияға Қытайдың қарап қалғаны шамалы. Ол үшін онымен саудаласу қажет болады, ал қытайлықтар ондайға үйренбеген.

КҮНСҰЛТАН ОТАРБАЙ, Республикалық апталық "Sport" газетінің тілшісі:

Бұл ресми түрде жарияланған ақпарат емес. Сондықтан бірдемені ести сала ала сұрып, айғайлау әлі ерте. Бірінші тиісті орындардан, жауапты адамдардан анық-қанығын біліп алуымыз керек. Егер анығында солай болып жатса, онда заң бойынша, тиісті орындармен жұмыс жасап, Олимпиадада алған ақшасын қайтарту керек.

АҚБЕРЕН ЕЛГЕЗЕК, ult.kz порталының бас редакторы:

Әрине, өкінішті. Олимпиаданың подиумында Қазақ елінің туын жамылып жылап тұрған қара қыздың бәрі саябырсыған соң, мен бұл елге қатысым жоқ деп сырт айналуы намысқа тиетін жағдай. Ол кім болса да, өз өміріндегі ең үлкен арманына қазақтың әнұранының астында жетті. Кішкене сол елге деген құрмет болуы тиіс еді. Бірақ Зулфия деп жүрген спортшымыз Қазақстанды қайтсін, оның абыройы оған не үшін керек? Ұлардай шулайтын тағы біз ғой. Ертең біздің жеңістерімізге қызғанышпен қарайтындар: "Бәсе, айттық қой, қазақтарда дұрыс спортшы жоқ, сырттан жалдап қатысады! Бұлардан не шығуы мүмкін?!" - дейтіні анық. Маған осы жері қатты батады. Бұл тағы да бізге өз спортшыларымызды, әсіресе қазақ спортшыларын белсенді түрде дайындау керектігін және тек өз қаракөздерімізге сенім арту қажеттілігін көрсетіп отыр.

Сіз қалай ойлайсыз құрметті оқырман?! Пікіріңізді қалдырыңыз! 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: Жеке мұрағаттарынан 

3741 24
Рейтинг: +3

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 23 қазан 2012, 17:20
Пікірлер
+0
23 қазан 2012, 16:58

КҮНСҰЛТАН деген кісі қызық екен. Ол жеңді ме, онда берілуі тиіс. Енді ол қайда кетсе де, өлем десе де ақша өзінде қалуы керек.

+0
23 қазан 2012, 17:00

Кінәлі деп те, кінәлі емес деп те ештеме айтуға болмайды. Біріншіден, нақты расталған ақпарат жоқ. Екіншіден, кетсе өз еліне кетті. Үшіншіден, Рауанның сөзіне қосылам. Оған шыққан қаржы ақталды.Бастысы, біздің басшылар, спортқа қатысы бар адамдар өз еліміздің туын өз еліміздің азаматы, қазақтан артық адам туын көтеріп, ақақтата алмайтынын түсінсе екен. Сондықтан да, қазақ балаларын қаржы жұмсап, қазақ балаларын оқытып жаттықтырайық!!!

+0
23 қазан 2012, 17:00

Чиншанло атындағы спорт мектебі қара жамылып отыр ма екен... атын ауыстыру керек сияқты мектептің.

+0
23 қазан 2012, 21:17

Жау Чаң Лиң мектебі деп пе? ^__^ Егер шынымен де кеткен болса ауыстырған жөн, оныңызға келісем

+0
23 қазан 2012, 17:11

онда тұрған не бар. Зұлфия тұрғысынан ойласақ, елге қайтқаны орынды. Қытайда жүргенде де Қанатты шақыртып алдық. және ол да осы Зұлфия секілді сұхбат берген жоқ па. біз төбемізге көтеріп мақтадық. Зұлфия да өз еліне барған соң Қазақ елін қор санаған да, жамандаған да жоқ. тек, қыдыруға барамын деп елді алдап кеткені ғана дұрыс болмапты. Ал қытайдың ақпарат беттерінде қалың жұртшылық пікір білдіруде. ал олардың кейбірі "қайтып келгенің дұрыс болмаған... өзге елде жүріп те ұлт рухын көтере алар едің... ал енді 2016 да сенің алтын алуыңа тілектес емеспін. үйткені, қазақ елі тәрбиелеп берді деген атқа қалғымыз келмейді... біз сені қуған жоқ едік, ал қайтып келгеніңе де бейтарап позиция ұстанамыз" деген секілді пікірлер жүр. бізде ауыр атлетика дамыған. Зұлфия кету деген сөз біз үшін өкініш емес. қайта алпауыт қытай еліне, мықты спортшы дайындап берген бірегей бапкерлеріміз бар. бізде де әлі бұл бостықтың орыны тез толатын болады

+0
23 қазан 2012, 17:28

Зүлфия Қазақстанға оралады деп сенемін!

+0
23 қазан 2012, 17:33

Кетпейтін шығар ... Бірақ кет Зуляны 2016 жылы жеңетін зілтемірші тәрбиелеу бізге қиын болады

+0
23 қазан 2012, 17:38

сөйтсе зүлфия "Шүткәәә!" деп келіп тұрса иә :lol:

+0
23 қазан 2012, 21:20

"Шүткәәә!" деп әзілкеш Мая айтса айтар еді. Ал Зулфия қабағы ашылмайтын серьезный қыз ғой

+0
24 қазан 2012, 13:20

білмеймін, КВН-де осылай айтатыны туралы әзілді естіп қалғанмын.

+0
23 қазан 2012, 17:41

Әзиздің пікірі ұнады.

+0
23 қазан 2012, 18:05

Зүлфияның азаматтық алғаны кәдімгідей хит бокетке ба не? Алса алып жатқан шығар, бірақ, "анандай ғып" жеткізгендер - нағыз арандатушылар. Оның үстіне "қасқырды қанша бақсаң да орманға қарап ұлымаушы ма еді?"

+0
23 қазан 2012, 20:10

ойбооооой не болып кеттііі... Қазақстанда тумап па еді ол қыз (!) (қазақ байғұс оған арнап жалған биография жасааап жүрсе...)

+0
24 қазан 2012, 08:58

Алматыда Қазақстанда 1993 жылы туылған негізі

+0
23 қазан 2012, 20:42

Рауан Оқастың пікіріне қосылам. Алып-қосарым жоқ.

+0
23 қазан 2012, 21:47

өкінішті-ақ

+0
23 қазан 2012, 22:18

Baska elden "satyp" ala bergenshe oz elimizdegi sportshylarga konil bolse,talai mykty kara domalak kazah balalary shygady. Tek olarga konil bolu kerek. Dalaga shashyp jatkan karajatty solarga bolu kerek. Bizde de talai kyrandar men myktylar bar! Tek koldau kajet! Al,Zulfia ketse joly bolsyn,atagyn shygargan eldi umytpasyn! Su ishken kudygyna tukirmese bolar!

+0
24 қазан 2012, 18:31

Бір жағынан, қазақтың нәзігін қимайм ше бұл спортқа...

+0
23 қазан 2012, 22:36

Русланның сөзінде шындық бар, азаматтық ала салу оңай емес. Ол қыз бізден кетсе де, келер Олимпиадада Қытай құрамасымен қатыса алмайды, біздің федерация қатысуға мүмкіндік бермейді, Светаға орыстар қысастық жасағандай . Егер, шынымен кетіп қалса - спорттық өмірінде қазіргідей биіктіктерге шығуы екіталай. Спорт, соның ішінде ауыр атлетика бір орнында тұрмайды, әрі Ни, Түркелери сияқты атақты бапкерлер табылуы өте қиын болады, Қытайда бәсекелестік өте жоғары. Сондықтан, біздің елден кетпейді деп ойлаймын, демалысы біткенде келеді. Тіпті, кетіп қалса да, өмір ол қызбен тоқтап қалмайды.

+0
23 қазан 2012, 23:52

Зульфияның өзін күтеміз енді! Жолналшылардың уже "сатқын" дегендері ұнамайд қалды ал ....

+0
24 қазан 2012, 00:11

Зулфия қыз ешқайда кетпейді. Алексей Ниге сенемін. Қазақстан - number one!

+0
24 қазан 2012, 00:30

Негізі бұл жай туралы Маямен Света қыздан сұрау керек. Мүмкін сұрап көрерсіздер, Егер шынымен кеткен болса олар біледі.

+0
24 қазан 2012, 19:07

Ол кетпейди!http://www.bnews.kz/ru/news/post/106831/

+0
24 қазан 2012, 20:57

Қалай болғанда да бұл "жіктің екі құлағы тік шықты"...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...