Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Зулфия Чиншанло Қазақстаннан кетті ме?

Зулфия Чиншанло Қазақстаннан кетті ме?

Зулфия Чиншанло Қазақстаннан кетті ме?

Аспан асты елінің «Sohu.com» ақпараттық порталы сейсенбілік жаңалықтарын ХХХ Олимпиада ойындарында Қазақстанның атынан шығып, алтын медальді олжалаған Зулфия Чиншанлоның Қытай еліне оралғаны туралы жаңалықпен бастапты. Мақаланың авторы Чаң Ша қалалық газетінің Шияң Чунь есімді тілшісі.

 «Биыл Лондон төрінде топ жарған отандасымыз Зулфия Чиншанло (шын есімі – Жау Чаң Лиң) елге оралды. Енді Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында Жау Чаң «аспан асты» елінің намысын қорғайды. Ол Чаң Ша қалалық қоғам қауіпсіздік мекемесі жағынан азаматтық куәлікке 22 қазанда суретке түсті. Енді  тез арада Қытай азаматы деген куәлікке ие болады », - дейді Қытай тілшісі.

Ал Зулфия Чиншанлоның өзі қытайлық тілшіге берген сұхбатында: «Үйге қайтып келгеннің қуанышын сезінудемін. Өйткені мен өзімнің мұғалімім Хы Ий Шың  және Жоу Шу Хоңмен қайта табыстым. Бұдан да маңыздысы емін-еркін көкөніс тамғамдарын жей алатын болдым",-  деп қалжыңдады дейді.

«Мен ежелден өзімді Қытай азаматы емеспін деп айтқан жоқпын. Менің жалғыз-ақ есімім бар. Ол - Жау Чаң Лиң. Елден айрылып, Алматыға барған бес жылдан бері мен ешқашан Қытай азаматы екенімді есімнен шығарған емеспін. Алдыңғы жылғы Гуаң Жоудағы іріктеу жарысына қатысқанымда жүрегімді елге деген сағыныш тербеп тұрды. Және келіп тілшілік жасаған жерлестерімнің бәріне мен Қытай азаматымын, Хоу Нандықпын (жер аты) деп жауап бердім. "Зұлфия" деген атқа келер болсақ, тәрбиешім менің Қытай тіліндегі атымның орыс тілінің тілдік ерекшеліктеріне сай келмейтіндіктен өзгертті. Менің Алматыдағы тәрбиешім корейлік. Бірақ Алматыда туған. "Зұлфия" сол кісінің қойып берген аты. Менің есімім Зұлфия емес. Сенбесеңіз, мынау туу туралы куәлігімнен қараңыз, "Жау Чаң Лиң" деп жазылып тұр. Алматыдағы жаттықтырушым менің "Зұлфия" деп атайтын. Бірақ мен өзімнің "Жау Чаң Лиң" деген атымды ұнатамын және де солай атауын үміт етемін», - дейді.


Осы жәйттің анық-қанығын білу үшін біз Зулфия Чиншанлоның жеке бапкері Виктор Ниға хабарластық:
«Мен Зулфияны Қытайға өзім шығарып салдым. Кетер кезінде Зуля Қытайда қалып қоям деген әңгіме айтқан жоқ. Мен бұл жаңалықты әлі естіген жоқпын. Менде тіпті оның байланыс телефоны жоқ. Сондықтан, онымен сөйлеспей тұрып ешқандай түсініктеме бере алмаймын. Қараша айының соңында Алматыда жаттығуларымыз басталу керек. Ал Чиншанлоға біз қазан айының жиырма жетісіне Пекин-Алматы бағытында билет алып қойдық. Сондықтан келер аптада Зулфия Алматыда болу керек», - дейді Виктор Ни.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Қайрат Тұрлыханов: Мая Манеза мен Зүлфия Чиншанло Қытайға туысқандарына кеткен еді. Манеза қазір елге қайтып келді. Ал Зүлфия 27 қазан күні оралуы тиіс. Ұшаққа билеті сол күнге белгіленген. Қытайлық басылымдағы ақпарат жалған. 

Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Меңдіхан Тәпсір: "Біз бұл ақпаратты естіп, таңырқап отырмыз. Оның Қытайға қыдырып кеткені рас. Бірақ 2016 жылғы олимпиадаға Қытайдың атынан қатысады деген жалған".

Массагет.кз порталы таратылған ақпаратты назарынан шығармай, қадағалап отыратын болады.

Қытай тілінен аударған: Қайсар Қауымбек

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: Sohu.com, voxpopuli.kz, Жеке мұрағаттан

579 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 23 қазан 2012, 14:27
Пікірлер
+0
23 қазан 2012, 13:06

Несі бар?! Кетсе өз еліне кетті. Қанатты да өз еліне келді деп қуанып қарсы алдық қой. Қытайдың да оған толық құқы бар. Таңдау өз еркінде. Бастысы тапсырманы орындап, Қазақстанға алтын алып берді, атын шығарды Лондонда. Ақшасын алса еңбегін алды(250 000$). Енді ол бізге қарыздар емес, тек біз оған алғыс айтуымыз керек. Рахмет саған Зульфия! Әзірге отандық талантты зілтемірші қыздар шықпай, күніміздің басқа елге қарайтынына таң қалудың еш реті жоқ.

+0
23 қазан 2012, 13:06

Қытайлықтар өтірік жазды деп сенейік...

+0
23 қазан 2012, 13:08

ЖЕКЕ БАПКЕРІ ВИКТОР НИ: ЗУЛЯ ҚАЗАҚСТАНДА КЕЛІСІМЕН ҮШ БОЛМЕЛІ ПАТЕР БЕРЕМІЗ ДЕП ОТЫР ТАЛДЫҚОРҒАННАН

+0
23 қазан 2012, 13:08

Иә... Бір жағынан Зульфияны не үшін кінәлаймыз? "Ер туған жеріне, ит тойған жеріне!"

+0
23 қазан 2012, 13:11

Ху Хунь Баның материалынан Қазақстанның назарын тайдыру үшін жасалып отырған арандатушылық мақала да болуы мүмкін.

+0
23 қазан 2012, 13:15

Бәлкім бұл сөздерді Чиншанло жай қалжыңдап айтуы да мүмкін ғой.

+0
23 қазан 2012, 13:15

"Менің Алматыдағы тәрбиешім Корейлік. Бірақ Алматыда туған. "Зұлфия" сол кісінің қойып берген аты. Менің есімім Зұлфия емес" :shock:

+0
23 қазан 2012, 13:23

Мың зілтеміршінің бірі болар да...

+0
23 қазан 2012, 13:34

Зүлфия Қазақстанға алтып әперген жоқ, ҚАЗАҚСТАН ЗҮЛФИЯҒА АЛТЫН ӘПЕРДІ. Әрине, туған Отанына оралып жатса тек ақ жол тілейміз. Кекілінен сипаған кеңпейіл қазақты ұмытпай жүрсе, артық-ауыс сөздерді бықсытпай жүрсе шынашақтай ғана Чиншанлодан басқа не керек бізге? Қытай болса да адамдықты сақтап қалса)))

+0
23 қазан 2012, 13:35

Осыған баяғыда темір көтертіп емес, Қазақстанға келген бойда-ақ бала көтертіп жіберу керек еді.

+0
23 қазан 2012, 13:36

Зұлфия неге кетті екен... Мүмкін, қазақ жерінде зілтеміршілер тым көп болғаны үшін шығар?

+0
23 қазан 2012, 13:50

"Зульфия емеспiн"деген созiне тан калып отырмын. Алемге осы есiммен,бiздiн елмен танылган жокпа? Оз елiне буйрегi канша бурып турсада,атын алемге танытып,жылы кушагын ашкан елдi умытпай журсе екен.

+0
23 қазан 2012, 13:55

Зульфия Зульфия...

+0
23 қазан 2012, 14:03

Жаңа ғана Қайрат Тұрлыханов көкеміз "Зұлфия төрт күннен кейін қайтып келеді" депті. сенейік пе?

+0
23 қазан 2012, 14:07

өтірік деп ойлаймын, арандатып жазу мақсатында жазылған іс

+0
23 қазан 2012, 14:20

Лондоннан келген соң құрамамыздың бас бапкеріне бір тілші Қытайлықтар Зулфияны еліне қайтаруды көздеп отырғаны жөнінде сұрақ қойғанда Зулфия ешқайда кетпейді, біз келісім-шартқа отырғанбыз және де Рио-де-Жанейрода Қазақстанның намысын қорғайды. Зулфия Қазақстанға келіп Зулфия болды деп жауап берген еді.

+0
23 қазан 2012, 14:44

енді ол кетіп қалса да, кетпей қалса да масқара шу болайын деп тұр... қызық енді басталады :ugeek:

+0
23 қазан 2012, 14:49

бар қызық енді басталды, еее деңіз...

+0
23 қазан 2012, 16:12

suho.com кіріп астындағы коментариды гугл переводчиккаа салып аударып оқындар МЕн оқыдым қатты тан калып турмын біз жайлы не деген дессейш

+0
23 қазан 2012, 16:23

"Өзіңдікі өзекке тепсең де кетпейді. Басқаныкі байласаң да тұрмайды" деп бекер айтылмаған. Жолы болсын. Бізге сабақ.

+0
23 қазан 2012, 16:28

ой, ол қайтып келеді дейді уайымдамаңдар! :lol: жай демалуға кетіпті ғой.. http://bnews.kz/kk/news/post/106836/

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...