Джон Терри «Челсиге» капитан болып қала береді

Джон Терри «Челсиге» капитан болып қала береді

Ұлыбритания құрамасымен қош айтысқан Джон Терри Лондондық «Челси» командасының капитаны болып қала беретінін жеткізді.

Бұл туралы Челси командасының басшысы Брюс Бак хабарлады. Ұлыбританияның футбол қауымдастығы "Джон Терриді Антон Фердинантты балағаттады" деген айыппен сот отырысын өткізген болатын. Осы қылығы үшін Ұлыбританияның  Футбол қауымдастығы Терриге айыппұл салып, 4 кездесуге қатыса алмайтынын жеткізді. Осыған қарамастан, «Челси» басшылары оның команда тізгінін ұстап кала беретінін мәлімдеді.

“Астана” автоспорттық командасы енді президенттік клубтың құрамына кірді.

Енді жерлестеріміз төрт жыл қатарынан “Дакар” раллиге қатысады деп нық сеніммен айтуға болады. Бұл көпкүндік додаға қазірдің өзінде қазақстандықтар дайындығын бастап кетті. Биыл Артур Ардавичус бастаған жүк көлік, сондай-ақ үш бірдей жол талғамайтын темір тұлпар жарыс жолына шығады деп күтілуде. Қаржылық демеудің арқасында астаналық клуб үлкен бәсеке алдында әлем чемпионатының екі кезеңіне қатысуды жоспарлап отыр.  

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: prosportkz.kz

Ю. НИКУЛЛИН