Велошабандоз Марк Кавендиш команда ауыстырды

Велошабандоз Марк Кавендиш команда ауыстырды

Британдық  велошабандоз Марк Кавендиш командасын ауыстырғаны туралы хабарлады. Алдағы маусымнан бастап Кавендиш енді Omega Pharma-Quickstep командасында өнер көрсететін болды.

«Мен велоспортқа қайта келгеніме қуаныштымын. Алдағы маусымнан бастап Omega Pharma-Quickstep командасының намысын қорғайтын боламын», - дейді 27 жасар спортшы. Марк Кавендиш пен бельгиялық команда үш жылдық келісім-шартқа отырған.

Өткен маусымда Кавендиш Sky командасында өнер көрсеткен болатын. БАҚ өкілдерінің айтуынша, Кавендиш Sky командасына өзінің отандасы,  "Тур де Франс" көпкүндігінің былтырғы жеңімпазы Брэдли Уиггинсқа бәсекелес болмау үшін клуб ауыстырған екен.

Айта кетейік, ұлыбританиялық шабандоз 2011 жылғы әлем чемпионы. Сондай-ақ ірілі-ұсақты отыздан астам турнирлердің жеңімпазы. Алдағы маусыда Марк Кавендиш Omega Pharma-Quick Step сапында Том Боонен және Тони Мартин сынды спортшылармен бірге жарыс жолына шығатын болады. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: velolive.com

Ю. НИКУЛЛИН