Ломаченко мен Усик "Украина атамандарының" қатарына кірді

Ломаченко мен Усик "Украина атамандарының" қатарына кірді

Кеше Монако қаласында Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) баспасөз мәжілісі өтті. Жиын барысында AIBA-да атағы шыққан бірнеше жұлдызды боксшылардың WSB-да өнер көрсететінін жеткізді. Олардың қатарында Лондон Олимпиадасында үздік шыққан Украинаның қос мақтанышы Василий Ломаченко мен Александр Усик бар. Олар жаңадан құрылған "Украина атамандары" клубында өнер көрсететін болады. 

Украиналық клуб ең бірінші кездесуін 16 қарашада қазақстандық командаға қарсы өткізуді жоспарлап отыр. Ломаченко мен Усик осы бокс клубы сапында үшінші маусымның алғашқы кездесуінде «Astana Arlans» -қа қарсы шығуы мүмкін.

"Маған кәсіпқой боксқа өтуге көп ұсыныстар түсті. Бірақ, мен WSB тұжырымы бойынша отандық клубтың намысын қорғауды жөн деп таптым. Біздің құрамымыз өте мықты, біраз биіктерді бағындыра аламыз. Мен де осы клуб сапында жетістікке жетуге барымды саламын" дейді Ломаченко. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: worldseriesboxing.com

Л. Лига