Шведова мен Среботник жұбы Кремль Кубогінің келесі кезеңіне шықты

Шведова мен Среботник жұбы Кремль Кубогінің келесі кезеңіне шықты

Қазақстандық Ярослава Шведова мен словакиялық Катарина Среботник теннистен халықаралық WTA сериясы аясында өтіп жатқан Кремль Кубогінің екінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Мәскеудегі "Олимпийский" спорт кешенінде өтіп жатқан турнирде Шведова/Среботник жұбы ресейлік Анастасия Павлюченкова мен чех Луция Шафарова дуэтінен басым түсті.

Матч есебі: 7:5, 2:6,10:5.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақстандық Ярослава Шведова жарыстың жекелей сынында турнир иесі Анастасия Павлюченкованы 6:2, 6:2 есебімен ұтқан еді. Жерлесіміздің алдағы ойындары туралы сіздерге қосымша хабарлап отыратын боламыз.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: championat.com

 

 


Б. Қосмағамбет