Федерер: «Маррейге әлемнің бірінші ракеткасы болуын тілеймін»

Федерер: «Маррейге әлемнің бірінші ракеткасы болуын тілеймін»

Роджер Федерер жуық арада Энди Маррейдің АТР рейтінгінің бірінші сатысына көтерілетіне еш күмәні жоқ екен. Бұл туралы швейцариялық теннисші ВВС агенттігіне айтты.

«Эндидің қазіргі әлеуетімен ол жуық арада АТР рейтінгінің бірінші сатысына көтерілуіне қауқары жетеді. Алдағы уақытта Маррейге тең келетін ешкім болмайды. Тек ұлыбританиялық теннисші алдына биік мақсаттар қойып, сол мақсаттарға шын ниетімен ұмтылса болғаны. Мен шын көңілден Маррейге әлемнің бірінші ракеткасы болуын тілеймін», -дейді  швейцариялық теннисші.

Өз кезегінде Олимпиада ойындарының чемпионы және US Open додасының жеңімпазы жуық арада АТР кестесінің бірінші сатысына көтерілуге уәде берді.

«Бұл маусымда мен әлемнің бірінші теннисші болмайтын шығармын. Өйткені мен топырақты жарыстарда сонымен қатар Masters тұжырымындағы Цинциннати, Монреал және Индиан-Уэллс жарыстарында сәтсіз өнер көрсеттім. Дегенмен менің алдыңғы маусымдағы басты мақсаттарымның бірі – әлемнің бірінші ракеткасы болу», - дейді Маррей.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет:www.eurosport.ru

У. ҚОСАНБАЙ