Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Денис Тен - мұзайдындағы мақтанышымыз

Денис Тен - мұзайдындағы мақтанышымыз

Денис Тен - мұзайдындағы мақтанышымыз

Денис Тен 1993 жылы 13 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Денис бала кезден бастап мәнерлеп сырғанау өнерімен бірге хорда ән айтумен әуестенген. Денистің ән айтып жүрген хор коллективі 2002 жылы Пусан қаласында өткен хор Олимпиадасында екінші орынға қол жеткізді. Кейін келе Денистің алдында хор әлде мәнерлеп сырғанауды таңдау деген қиын сұрақ туындаған. Тен екіншісін таңдайды. Жас таланттың алғашқы жаттықтырушысы Айгүл Қуанышева болса,  2003 жылы өткен «Хрустальді ат» байқау-бәйгесінде жас баланың талантын байқаған Елена Буякова оны Мәскеу қаласына шақырып, жаттықтыруды бастаған.

2006 жылы 12 жасар Денис Тен Қазақстан Чемпионатына қатысып, ересектер арасында топ жарған. Нидерланды елінде жасөспірімдер  арасында өткен Гран-при турнирінде Денис 10-шы нәтиже көрсетсе, кейін ұлттық біріншілікте 2-орынға қол жеткізген. Кейін Денис жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған Әлем Чемпионатына қатысқанымен, айтарлықтай жақсы нәтиже көрсете алмады. Еркін бағдарламада сәтсіз өнер көрсеткен қазақстандық фигурист тек 26-орынды ғана қанағат тұтты. Сол жылы Денис «Haabersit cup» пен «Dragon Trophy» және т.б. бірнеше халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 2007-08 жылғы кезеңде Денис Эстония мен Румыния елдерінде өткен жасөспірімдер Гран-при байқауларына қатысып, сәйкесінше 10 және 6-орынды жеңіп алса, Әлем Чемпионатында тек 16-нәтиже көрсеткен.

Бір жылдан кейін Тен Белоруссияда өткен Гран-придің бір кезеңінде жеңіске жетіп, Францияда төртінші нәтиже көрсетті. Осылайша, ол финалға жолдама алып, ақырында 5-орынды қанағат тұтты. 2008-09 жылғы кезеңде Денис Ресей Кубогының IV кезеңінде керемет өнер көрсетіп, нәтижесінде алтыннан алқа тағынған. Дәл сол жылы жас фигурист төрт құрлық Чемпионатында 4-нәтиже көрсетіп, өз есімін бүкіл дүниежүзіне танытты.

2009 жылы жасөспірімдер арасында өткен Әлем Чемпионатында Денис Тен өз қарсыласы Артем Григорьевтен бір ұпайға артта қалып, қола медальға қол жеткізе алмады.

Елімізде 2011 жылы өткен VII қысқы Азия ойындарында жас фигурист жеңіс тұғырының төрінен көрінді.

Суреттер tengrinews.kz сайтынан

807 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 30 қаңтар 2012, 18:23
Пікірлер
+0
31 қаңтар 2012, 09:52

Денистей баланы өсірген оның ата-анасына мың алғыс! Өз жолын "Рамстор" сауда орталығындағы айдыннан бастаған ол әлемге өз елін танытып жүр. Жарайсың! Осы беттен таймай, алдағы барлық белестеріңе сүрінбей жет!

+0
31 қаңтар 2012, 15:56

ай азамат!!

+0
31 қаңтар 2012, 17:59

"Талант жас талғамайды" деген осы да...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...