Михаэль Шумахер «Формула-1» жарыстарынан кететіні туралы мәлімдеді

Уалихан ҚОСАНБАЙ Корреспондент
 Михаэль Шумахер «Формула-1» жарыстарынан кететіні туралы мәлімдеді

Әлемнің жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахер «Формула-1» жарыстарынан кететіні туралы айтты. Бұл туралы Шумахер Жапонияның Гран-приі басталғанда хабарлаған.

БӨЛІСУ

Оның айтуынша, корольдік жарыстардан осы жылғы маусым аяқталғанда кетеді. Естеріңізге сала кетейік, Шумахер 2006 жылы осы спорттан ресми түрде кетіп, 2010 жылы қайта оралған. Соңғы  3 жылда «Mersedes» командасының сапында өнер көрсеткен 43 жасар неміс пилоты  бұл командамен тұғырдың ең биік сатысынан бір-ақ рет көрінген. Енді, келесі жылы Михаэль Шумахердің орнын өзінің әріптесі, бүгінде «McLaren» командасының намысын қорғап жүрген Льюс Хэмилтон  басады.

«Бұл шешімді қабылдау алдында мен ұзақ ойландым. Командамен келісім-шартымыз әлі де аяқталған жоқ. Дегенмен спорттық бабымды сақтау бүгінде маған қиындау. Сондықтан мен командадан кетіп, жас жігіттерге жол беруді жөн көріп отырмын. Біз «Mercedes» командасымен біршама жетістіктерге жеттік. Маусым аяқталған соң түбегейлі «Формула-1»-ден кетіп, болашақта қандай шаруамен айналысатынымды жоспарлайтын боламын», - дейді әлемнің жеті дүркін чемпионы  Михаэль Шумахер. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: pixelsport.ru