"Реал" ойыншысы түркиялық клубқа ауысты

О Сансызбай Корреспондент
"Реал" ойыншысы түркиялық клубқа ауысты
Фото ©️ vk.com

Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік "Реалдың" қорғаушысы Пепе Түркияның "Бешикташ" командасына ауысты. Бұл туралы клубтың twitter желісіндегі ресми парақшасы хабарлады.

БӨЛІСУ

Футболшы мен "корольдік клубтың" өзара келісімшарты маусым айында аяқталған. Команда келісімшартты ұзартуға ынта білдірмеді. Нәтижесінде португалдық қорғаушы еркін агенттегі (командасы жоқ) футболшылар қатарына қосылған еді.

Пепе Париждің "ПСЖ" клубына ауысуға шақ қалған. Бірақ қос тарап келісімге келе алмады.

Қорғаушы "Реал" сапында 2007 жылдан бастап ойнап келді. 300-ден астам ойынға қатысып, 13 рет түрлі жарыстарда жеңімпаз тұғырынан көрінді.