"Головкин бокстан кете ме?" Бұл негізінде менің жарыма қойылуы керек сұрақ – Головкин

Гүлжанар Берік Корреспондент
"Головкин бокстан кете ме?" Бұл негізінде менің жарыма қойылуы керек сұрақ – Головкин
Фото ©️ google.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) спорттық мансабын аяқтауға аяқтауға ненің себеп болуы мүмкін екенін айтты.

БӨЛІСУ

35 жастағы Геннадий Головкин мексикалық 26 жастағы Сауль "Канело" Альвареспен кездесу өткізгеннен соң мансап жолын аяқтауы мүмкін екенін айтқан болатын. 

Геннадий Головкин TMZ Sports басылымына берген сұхбатында: "Канеломен" өткен жекпе-жектен кейін спорттық мансабымыды аяқтаймын ба? Бәрі де мүмкін. Бұл негізінде менің жарыма қойылуы керек сұрақ. Кей кездері ол менен "Эй, G, бәлкім бұл сенің соңғы жекпе-жегің?" деп сұрайды, себебі менімен көбірек уақыт өткізгісі келеді. Бірақ мен одан "неге олай?" деп сұраймын және "Бұл менің ісім!" деп жауап беремін. Әрине, менің жарым менімен көбірек уақыт өткізгісі келеді. Бірақ сіздер түсінесіздер ғой, ол әйел ғой" деген екен.

Головкиннен америкалық Флойд Мейвезер мен аралас жекпе-жек чемпионы ирландиялық Конор МакГрегордың кездесуі, оның мексикалықпен шығуына әсер ете ме деп сұраған. "Еш әсер етпейді. Мен өз жекпе-жегіме дайындалып жатырмын, себебі ол шынайы, нағыз жекпе-жек. Ал олардың кездесуі маған қызық емес", - деді қазақстандық боксшы.