Мұхаммед Әлиге арналған екі долларлық тиын шықты

Мұхаммед Әлиге арналған екі долларлық тиын шықты

Барлық кезеңдердің ең мықты боксшысы атанған Мұхаммед Әлидің 70 жылдығына орай Жаңа Зеландияның  ақша сарайы монета шығарды.

Жаңа Зеландия  ақша сарайының мәлімдеуінше, 2 доллардан тұратын монета – күмістің 999 сынағынан жасалған, салмағы -1 унция  (29,86 грамм), диаметрі -  40,7 мм, таралымы – 7500 дана екен.


Монетаның қарсы бетінде Ұлыбританияның ханшайымы Елизавета II бейнеленген. Жанында "ELIZABETH II", "FIJI", "TWO DOLLARS", "2012" деген жазулар бар.

Ал негізгі бетінде Мұхаммед Әлидің жас кезіндегі былғары қолғаппен түскен суреті бейнеленген. Сол жағында жартылай дөңгелек «MUHAMMAD ALI» деген жазу бар. Оның астына вертикалды түрде «999 FINE SILVER» деп жазған. Сонымен қатар монетаның сол жақ бөлігінде Әлидің 70 жылдығын білдіретін қара-қызыл эмблема бейнеленген. Ал оң қапталында монетаның құнын білдіретін  «$2» доллары өрнектелген. 

Бұл монетаны Жаңа Зеландияның  ақша сарайынан 132 евроға сатып алуға болады. Әрбір тиынды сатып алған адамға арнайы сертификат беріледі. Сонымен қатар монета иегеріне Мұхаммед Әлидің бокста жүріп өткен ғұмырбаяны жазылған кітап та сыйға тартылады. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: vk.com

У. ҚОСАНБАЙ