Қазақстандық кәсіпқой боксшы АҚШ-та чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізеді

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық кәсіпқой боксшы АҚШ-та чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізеді
Фото ©️ massaget.kz

Жартылай ауыр салмақта бақ сынайтын қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов 30 маусым күні АҚШ жерінде чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі хабарлады.

БӨЛІСУ

- Осы айдың соңында АҚШ-та чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткіземін. Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) NABF чемпиондық белбеуіне таласу туралы ұсыныс жасады. Қарсыласты өздері табатын болады. Өзімді жақсы қырынан көрсеткім келеді. Жекпе-жекке шығуға келісімімді беріп қойдым. WBC маған келісімшарт ұсынып, мен қолымды қойдым. Қазір кездесуге дайындығымды бастап кеттім.

- Дайындықты қайда өткізіп жатсың?

- Дайындықты Алматыда бастап кеттім. Негізгі жаттығуларды 15 маусым күні Лас—Вегастағы Флойд Мейвезердің залында жалғастырамын. Екі спаррингтік кездесу өткіземін. Жаттықтырушым Сағатбек Мұсахановпен арнайы жұмыс жасаймын. 28 маусым күні Миннеаполиске ұшып, 29 маусымда салмаұқ өлшеуден өтемін. Бір күннен жекпе-жек болады.

- NABF чемпиондық белбеуі, яғни, Солтүстікамерикалық бокс қауымдастығының чемпиондық атағы украиналық Александр Гвоздиктің еншісінде секілді еді?

- Иә, ол осы чемпиондық белбеуді жеңіп алған. Ал қазір иесі жоқ секілді.

Айта кетейік, 21 жастағы қазақстандық боксшы осыған дейін кәсіпқой бокста 6 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Жыл соңына дейін боксшы өз салмағында үздік ондыққа кіруді мақсат тұтады.