Шарапова Пекиндегі турнирде екінші мәрте жеңіске жетті

Шарапова Пекиндегі турнирде екінші мәрте жеңіске жетті

Ресейлік теннисші қыз Мария Шарапова Пекиндегі турнирдің үшінші айналымына шықты. Бұл туралы жарыстың ресми сайты хабарлайды.

Жарыстың екінші айналымында Шарапова Румыния елінің үміті Сорана Кырстюді екі сетте жерге қаратты: 6:2, 6:2.

Марияның келесі қарсыласы да анықталып қойды. Ол словениялық Полона Херцог. Полона ресейлік Екатерина Макарованы 7:6, 3:6, 7:6 есебімен ұтқан болатын.

Айта кетейік, жарысты аяқтағандар қатарында сербиялық Елена Янкович те бар. Ол испаниялық Карла Суарес-Наварроны 7:5, 6:4 есебімен жеңген болатын. Ол енді франциялық Марион Бартолимен кордқа шығады. Сонымен бірге Ана Иванович те жарыстан шығып қалды. Ол екінші айналымда швейцариялық Ромина Опрандиден 4:6, 3:6 есебімен жеңіліске ұшырады.

Қытай елінің астанасында өтіп жатқан турнирдің жүлде қоры 4,500,000 АҚШ долларын құрайды.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: phombo.com

Б. Қосмағамбет