"Барселонаға" бас жаттықтырушы келді

"Барселонаға" бас жаттықтырушы келді
Фото: eurosport.ru

"Барселона" футбол клубын жаңа маусымнан бастап испаниялық Эрнесто Вальверде жаттықтыратын болды. Бұл туралы каталондық клубтың ресми сайты хабарлады.

Команда мен жаттықтырушы арасындағы келісімшарт мерзімі 2 жылға жоспарланған. Ресми түрде 1 маусым күні таныстырылады.

53 жастағы маман 1988-1990 жылдары Барселона сапында ойнаған. "Эспаньол", "Алавес", "Сестао Спорт", "Атлетик" және "Мальорка" командаларында да доп тепкен. Испания ұлттық құрамасы сапында бір ойын өткізген.

Эрнесто Вальверде 2003 жылдан бері жаттықтырушылық қызмет жасап келеді. Осыған дейін "Атлетик", "Эспаньол", "Вильярреал", "Олимпиакос" және "Валенсия" командаларын жаттықтырған.

Ө. Сансызбай